AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Темір жол құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады

Темір жол құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады

«Жетіген-Қорғас» темір жол құрылысы жыл аяғына дейін аяқталады. Еліміздің ең ірі логистикалық орталығын Қытай шекарасымен байланыстыратын күре жол пайдалануға берілсе, екі ел арасындағы тауар айналымы бірден екі есеге өспек. Желінің трансконтинентальдық маңызы да зор. Себебі, ол арқылы Қытай үшін Еуропаға ең қысқа жол ашылады.Алып құрылыстың аяқаласы вице-премьер Әсет Исекешев бастаған үкіметтің көшшпелі  отырысында таразыланды.

 
Азамат Кеңесұлы, тілші:
 
Жаңа жол құрылысы толық аяқталуға жақын. Шойын жолды белгіленген мерзімде бітіру үшін ҚТЖ күні-түні тоқтаусыз жұмыс тәртібіне көшкен. Санмен қатар, сапа да басты назарда.
 
Ерік Сұлтанов, «Жетіген-Қорғас» темір жол құрылысының кураторы:
 
Қарашаның 15 мемлекеттік комиссия жұмысқа кірісіп, осы жол толық қабылданады, біздің жоспар бойынша жолдың ашылуы болады, қазір осында жұмыс қарқынды жүруде, 4 000 астам адам істеп жатыр, техника, ешкандай проблема уақытымен бітіруге жоқ.
 
Жаңа жол бұған дейін қуарып тұрған кең далаға жан бітіргендей. Желі бойында ондаған елді-мекен, т.ж. бекеттері бой көтерді. Батысы – қара халық көптен мұқтаж болып жүрген әлеуметтік нысандар салынды.    
 
Ерік Сұлтанов, «Жетіген-Қорғас» темір жол құрылысының кураторы:
 
Осы біз міне жана темір жол салған поселкада тұрмыз, осы поселкіде 500 пәтер болады шекарамен, жұмыскерлермен теміржолшылар тұрады. Дайындығы 99-100 пайызға болып тұр. Ол дайындық осы бір 10 кунде дайын бола.
 
Вице-премьер, ИжЖТ министрі Әсет Исекешев өткізген көшпелі отырыс барысында құрылыс қарқыны жоғары екені айтылды.Жыл аяғына дейін, жаңа желімен қатар, «Халықаралық шекарааймақтық әріптестік орталық» құрылысының бірінші кезеңі аяқталады. Үкіметтің көшпелі отырысы барысында нысанды тапсыру мерзімі нақтыланды.
 
Ерхат Есқалиев, «Қазақстан темір жолы» АҚ ҰК Вице-Президенті:
 
Жаңа орталық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралімен байланысады. Нәтижесінде мұндай көлік-логистикалық ХАБ қалыптасады деген жоспарымыз бар. Өзіндіксандық технологиямен жабдықталған тексеру-бақылау қызметтері жүйелі жұммыс істейтін болады.
 
Заманауи орталықтың сауда қатынастарын дамытудағы орны ерек. Мәселен, мұнда кәсіпкерлер 30 күн бойы екі ел арасында іскерлік келіссөздер жүргізіп, еркін жүріп-тұра алады.Сәйкесінше, орталықта барлық көлік түрлері әрлі-берлі қатынайды.Бұл бастаманы Кедендік Одақтың жаңа қақпасы деуге болады.
 
Азамат Кеңесұлы