AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Табысты әрiптестiктiң стратегиясы

Табысты әрiптестiктiң стратегиясы

«Қорғас» ШЫХО Қазақстан мен Қытай мемлекеттік шекараларының түйіскен жеріндегі дүниежүзілік дәрежедегі алғашқы ұлтаралық Шанхай ынтымақ ұйымының жобасы болып есептеледі. ШЫҰ қатысушы елдер арасында сауда-экономикалық, көлік және логистика, әр түрлі тауарларды өткізу, сондай-ақ мәдени алмасуларға қолайлы мүмкіндік.

Кеше «Қорғас» ШЫХО-ның қазақстан-қытай бөлігін ҚР Үкімет делегациясының жұмыс сапарын Премьер-Министр К. Мәсімов бастап, Қазақстан жағындағы Орталықтың жобасымен танысып, салынып жатқан ТӨБ-1 және ТӨБ-2 болды, ұзындығы 112 метрлік көпірді көрді.

«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» континет аралық жобасын іске асыруға 382,9 млрд.теңге жұмсалмақ, оның 73,7 млрд.теңгесі бюджеттен, жеке инвесторлардан 309,2 млрд.теңге. Бұл Алматы облысының Панфилов ауданындағы Қорғас және Іле ҚХР ШҰАА-дағы Қазақ автономиялы облысының қазіргі талапқа сай халықаралық көліктік-логистикалық порт-қалалар. Бұл күндері құрылыс қарқыны жедел қарқынмен дамып, қажетті құрылыс нысандары: электр жүйесі, су құбыры желілері, көлік жолдары, медициналық, әкімшілік ғимараттары салынуда. 2012 жылға екінші кезектегі, ал 2018 жылы «Қорғас» ШЫХО-ға қарайтын нысандар толық пайдалуға беріледі. Жобаны іске асыру үшін 25,3 млрд.теңгеге 396 келісім шарттар жасалған. Бүгінгі күнге құрылыс-монтаждау жұмыстары аяқталып, 292 шарттпен толық есептесті. Жұмыс комиссиясымен 23 нысанның құрылыс-монтаждық жұмыстары қабылданды. ҚР Президентінің жарлығын іске асыру мақсатында ИЖТМ тапсырмасы бойынша «Қорғас» ШЫХО аумағында арнайы экономикалық аймақ «Қорғас – Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймақты» құру жұмыстары 39 жүргізілуде. Еркін экономикалық аймақ құру туралы Президенттің жарлығы және Үкімет қаулысына сай ЕЭА-ың Тұжырымдамасы мен Ережелерінің жобасы дайындалды. «Қорғас – Шығыс қақпасы» Еуропа – Азиядағы халықаралық сауда-экономикалық қатынастарды дамытуға кең жол ашары сөзсіз. Осы жоба негізінде әуе жай, өнеркәсіп орындары, 296 шақырым болатын Жетіген – Қорғас темір жолы салынады. Осы аталған жобалар іске асқанда Алматы облысының және еліміздің экономикасы мен мәдениетінің негізгі орталығы болмақ. Бұл туралы журналистерге берген сұхбатында «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Ғ. Жәшібеков егжей-текжейлі айтып берді. БАҚ өкілдері арнайы жасалған үлгіден «Қорғас» ШЫХО маңында орналасатын болашақ қаламен танысты. Үкімет басшысы К. Мәсімов Қытай жағындағы еркін экономикалық аймақпен, логистикалық орталықпен басқа да нысандармен танысты. Қытай жағы жұмыстың 95%, ал Қазақстан жағы 70% бітірген. Бұл жоба толығымен іске асқанда Қазақстанның бәсекеге қабілетті 50 елінің құрамына кіруіне толық мүмкіндігі болары сөзсіз. 

Облыстық қоғамдық-саяси «Огни Алатау» газеті А. Мұқашева.