AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Ресей Федерациясы Кеден қызметінің өкілдері «Қорғас» ШЫХО-ның объектілеріне жұмыстық сапарын өткізді.

Ресей Федерациясы Кеден қызметінің өкілдері «Қорғас» ШЫХО-ның объектілеріне жұмыстық сапарын өткізді.

1 наурызда 2013 жылы Ресей Федерациясының Кеден қызметі Өкілдігінің делегациясы Өкілдік басшысының орынбасары Максимов В. В. бастауымен «Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның БӨТ-1 Көп атқарымдық ғимаратына жұмыстық сапарын өткізді. Сапар барысында ШЫХО-ның кызмет етуі мен «Қорғас» ШЫХО аймағынан адамдар мен жүктерді Кедендік одақтың басқа аймағына алып өтуі жайындағы өзекті мәселелерін талқылау бойынша жұмыстық кездесуі өттті.

Сапар аякталуында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Кеден қызметі Өкілдігінің делегациясы алдағы тиімді және өзара тиімді Ресей Федерациясының Кеден қызметі мен «Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның басшылығы арасындағы ынтымақтастығына үмітің білдірді.

Мәлімет:

Қазақстан Республикасының Кедендік қызметі жанындағы Ресей Федерациясының Кеден қызметінің Өкілдігі 1995 жылдың 16 мамырынан Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасының арасындағы «Кедендік қызметтерді басқаруының бірлігі туралы» Келісіміне сәйкес құрылды.