AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Премьер-Министр «Қорғас» ШЫХО жобасының іске асырылуымен танысты

Премьер-Министр «Қорғас» ШЫХО жобасының іске асырылуымен танысты

Осы аптада Премьер-Министр К. Мәсімовтің Алматы облысына жұмыс сапары басталды. Сәрсенбі күні үкімет басшысы «Қорғас» ШЫХО болып, жер көлемімен танысып «Қорғас – Шығыс қақпасында» салынып жатқан шекара маңы сауда-экономикалық аймақтағы құрылыс нысандарымен танысты. Ол Қорғасқа келетін негізгі көпір құрылысымен де танысты. Сондай-ақ өзен арнасына орнатылатын қондырғылар сызбаларын қарап, «Қорғас – Шығыс қақпа» шекара маңы сауда-экономикалық аймағы арқылы өтетін халықаралық көлік дәліздерімен Жетіген-Қорғас темір жолының жоспарларымен танысты. Қазіргі күні бұл темір жолдың 9 шақырымы игерілді. Бұдан кейін К. Мәсімов мырза Қазақстанмен шектесетін ҚХР Шынжаң ұйғыр автономиялы ауданының халықтық төрағасы Нұр Бекримен кездесті. «Бұл жолы да Сіз Шынжаң ұйғыр автономиялы ауданына хош келдіңіз. Қазақстан үкіметі және Сіз Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара ынтымақтастыққа зор мән берудесіз», - деді Н. Бекри мырза. Сондай-ақ ол екі ел арасындағы қарым-қатынастар жоғары саяси дәрежеде, шынайы достық негізінде дамуда деп атап өтті. «Сіздің келуіңіз екі ел арасындағы қарым-қатынасты бұдан әрі нығайта түседі», - деді «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Ғабдұлхәкім Жәшібеков. «Қорғас» ШЫХО-ң құрылуы және оның жобалары екі ел басшыларының бастамасымен жасалған. Жобаның маңызы сол ол Батыс Европа – Батыс Қытай континент аралық жол қатынастарын жақсартады. Сондай-ақ екі ел емес, басқа үшінші мемлекеттің де азаматтарының бұл арада еркін кіріп шығуына мүмкіндік туады. Қазақстанда, Қытайда, ТМД елдерінде өндірілетін тауарлармен танысуына мүмкіндік туады. Аймақта шекара маңында іскерлік кездесулермен сауда мәселелерімен шұғылдануға мүмкіндік мол. «Қорғас» ШЫХО аумағында рұқсатнамасыз кіріп-шығу мерзімі 30 тәулік»,- деді Ғ. Жәшібеков мырза.

Ғ. Жәшібеков мырзаның айтуынша орталықтың аумағы 528 га – екі бөліктен тұрады. Қазақстанда 185 га, Қытайда 343 га, арнайы жаяу-көлік арқылы екі жақ қарым-қатынаста болады. Жобаның құны 382,9 млрд.теңге, оның 73,7 млрд.теңге республикалық бюджеттен бөлінген, жеке инвесторлардан 309,2 млрд.теңге. Республикалық бюджеттің 1 (бір) теңгесіне 4,19 теңгені инвесторлардан тарту жоспарлануда. 65,8 млрд.теңгені құрайтын республикалық бюджет ШЫХО-ның инфрақұрылымы нысандарын салуға және жобалауға жұмсалады. Қазіргі күнге бюджеттік инвестицияның 40% алынды. «Қорғас» ШЫХО жобасын жасауға бастапқы кезде 25,3 млрд.теңге болатын 398 келісім-шарттар жасалды, оның 292 бітіп құрылыс-жабдықтау жұмыстарына толық есеп айырылды. Сондай-ақ жақында 23 құрылыс-жабдықтау жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта әуе алаңы мен астық нысанын салу жоспарлануда.

Жобаның ТЭН-і бойынша «Қорғас» орталығының бірінші кезеңін іске қосу 2012 жылға белгіленген. 2018 жылы орталық толығымен іске қосылады. Құрылыстың жалпы инвестициялық құны 309,154 млрд.теңге. Бүгінгі күнге есеп шотқа түскен инвестициялық сома 309 млн.теңге, бұл сома жобалау құжаттарын дайындауға жұмсалмақ.

«Қорғас – Шығыс қақпа» шекара маңы сауда-экономикалық аймақты» құрудағы негізгі мақсат шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының жұмысын одан әрі дамыта түсу. Жобаның негізгі мақсаттары экономиканың әртүрлі салаларын дамыту, аймақтардың тез қарқынмен дамуына, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кәсіпкерліктің тиімділігін арттыруға, инвесторларды тартуға, бәсекеге төтеп бере алатын жаңа технологиямен жабдықталған өндіріс орындарына мүмкіндік беру. «Қорғас» ШЫХО және «Қорғас – Шығыс қақпа» жүйесі бойынша үш негізгі аймақты дамыту жоспарлануда, олар - өнеркәсіп-өндіріс аймағы, тұрғын үй аймағы және көліктік-логистикалық орталық. Қазіргі кезде аталған нысандар жобасы экономикалық сараптауда.

Алда тұрған негізгі міндеттер халықаралық дәрежеде «Қорғас – Шығыс қақпа» жүйесін дамыту, өндіріске жаңа инновациялық технологияларды енгізу – деп түсіндіреді «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті.

Светлана Шестернева

Алматы – Қорғас – Алматы

Светлана Шестернева, «Панорама газеті» ЖШС