AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Лондондағы Қазақстанның 3-ші бизнес форумы: Қазақстанның көлік саласына инвестиция тарту туралы

Лондондағы Қазақстанның 3-ші бизнес форумы: Қазақстанның көлік саласына инвестиция тарту туралы

Қазанның 18-інде Лондонда Қазақстанның 3-ші бизнес форумы өткізілді. Онда Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы іскерлік қарым-қатынасты нығайту, Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарту, экономиканың болашағы зор салаларына оның ішінде көлік саласына инвестиция тарту мақсат етілді.

 
3-ші Қазақстандық бизнес форумның ашылу салтанатында ҚР Премьер министрі Серік Ахметовтың  құттықтау сөзі берілді. Одан кейін сөз алған Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия бойынша Қазақстанның елшісі Қ. Әбусейітов пен Қазақстандағы Ұлыбритания елшісі Д. Моран екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық қарым қатынасына тоқталды.
 
Бизнес форумның алғашқы жартысында Қазақстан экономикасының болашағы, әлемдегі қазіргі тұрақсыздық жағдайына қарсы тұру, 2014 жылдарға дейінгі индустриялдық - инновациялық бағдарлама және халықтық IPO бағдарламасы тыңдалды. Пікір сайысқа Премьер министрдің орынбасары Қайрат Келімбетов, «Самұрық –Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Қ. Бішімбаев, «Қазтрансойл» АҚ бас директорының орынбасары Б. Закиров, «KEGOK» АҚ басқарма төрағасы Б. Қажиев, «БРК» АҚ басқарма төрағасы Н. Құсайынов, Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі К. Төлеушин қатысты. 
 
Шара барысында екі сессия қатар жұмыс істеді. Екінші сессия «Көліктік  даму және Коммуникациялық  инфрақұрылым» тақырыбымен өткізілді. Онда Азия мен Еуропа аралығындағы транзиттік дәліз бойындағы инфрақұрылымды қалыптастыру жайы қаралды. Пікірсайысқа «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті Е. Есқалиев, «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы К. Есекеев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі, Тәуелсіз директор Р. Эванс, «Tele2 Group of Companies» Орталық Еуропа мен Еуразия аймағының вице-президенті Н. Сонкин қатысты. 
 
«ҚТЖ» ҰК» АҚ Логистика жөніндегі вице-президенті Е. Есқалиев республикадағы көліктік логистикалық жүйесінің болашағы «Жаңа Жібек жолы» жобасы туралы, 5С – жылдамдық, сервис, сақталуы, бағасы, тұрақтылығы логистикасы туралы әңгімеледі. Осы бағдарлама аясында Азия мен Еуропа аралығында көліктік дәлізді дамыту жайы қарастырылды. Осы мақсатта бірқатар жұмыстар басталып та кетті. Оның ішінде Қытай мен Орталық Азия республикаларын 550 шақырымға жақындататын «Жетіген-Қорғас» темір жол желісі салынды. Алматы қаласын айналып өтетін жол, Ақтау портына шығатын транзиттік тасымалдау желісін дамыту жобалары жасалуда.
 
Талқылау кезінде «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА жобасы туралы да айтылды. Оның негізгі құрамдасы «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығы қазақстан-қытай шекарасында Орталық Азия аймағында көліктік-логистикалық хаб жүйесін жетілдіруге дайындалуда. 
 
Қазіргі таңда «Қорғас» ХШСО  ҚР мен  ҚХР Мемлекет басшыларының  бастамашылығымен жүзеге асырылып жатқан аса ауқымды жобаның бірі. Оның маңызды мақсатының бірі қолайлы инвестициялық ахуал орнату мен ішкі және шетелдік капиталды тартудың құқықтық режимін жасау болып табылады.
 
Сессияның негізгі бөлігі британ іскер топ өкілдерінің қатысуымен Қазақстанның көліктік -логистикалық жүйесіне инвестиция тарту мен оған қолайлы ахуал орнатудың жайына арналды.
 
«КЛДҰО» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі