AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Ет өңдеу және инвесторларға арналған преференциялар

Ет өңдеу және инвесторларға арналған преференциялар
«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ президенті Ғабдулхаким Жашибековтің Қазақстандағы Моңғол елінің Төтенше және өкілетті елшісі Хараавч Аюрзанмен кездесуінің негізгі тақырыбы болды. Кездесу барысында Моңғол жағы «Қорғас-Шығыс қақпасы» шекара маңы сауда-экономикалық аймағы» арнайы экономикалық аймағында ет өндіретін завод салу туралы ойларын білдірді. Қонақтардың айтуынша қазіргі таңда елде 50 миллион мал басы бар. Дайын тауарды Қорғас арқылы Ресейге экспортқа шығарудың қолайлылығы Моңғол еліне жақсы табыспен қатар бюджетіне қосымша түсім әкелетіні сөзсіз. Сонымен қатар Елші кедендік және салық салу жөнінде инвесторларға арналған жеңілдіктер жайлы сұрай келе, арнайы экономикалық аймақта өндірілген өнімдерге кедендік салықтың салынбайтынынан хабардар болды.

Елші Хараавч Аюрзанның айтуынша Моңғол Парламенті жақын мерзімде Ресеймен шекарада 2, Қытаймен шекарада 1 жалпы саны 3 еркін-экономикалық аймақты құру туралы шешім қабылдағанын, осыған орай Қорғасқа тәжірибе алуға келгенін жасырмады.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Ресей, Татарстан, Италия және Жапония инвесторлары Қазақстан жағымен шарт жасасып, жобаларын іске асыруға дайын екендіктерін қонақтарға айтып өтті.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ Баспасөз қызметі