AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Эксперты Всемирного банка посетили АО «МЦПС «Хоргос»

Эксперты Всемирного банка посетили АО «МЦПС «Хоргос»

Дүниежүзілік банктің сарапшылары «Қорғас» ШЫХО-на ресми сапарын өткізді.

18 ақпанда 2013 жылы  Еуропа және Орталық Азияның тұрақты дамуы департаментінің көлік бойынша аға экономисті Кордула Растоги бастауымен Дүниежүзілік банк тобының өкілдері Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығына (ары қарай – Орталық) ресми сапарын жүргізді. Жеті адам есебіндегі делегация «Алтынкөл» бекетіне, БӨТ-1 Көп атқарымды ғимаратына, сонымен қатар «Қорғас» ШЫХО-ның Қытай жағына кіріп шықты.

Дүниежүзілік банк жағынынан халықаралық сауда және сауда логистикасын жақсартуына болысушылық бөлімінің аға экономисті Жан-Франсуа Арви, темір жол сарапшысы Джон Уиннер және т.б. кездесуге катысқан.

Кездесу барысында қатысушылар «Қорғас» ШЫХО» жобасын жүзеге асыру бойынша өзара-тиімді ынтымақтастықтың жолдарын талқындады, сонымен қатар Дүниежүзілік банк аталған Жобаны жүзеге асыруына қатысуы бойынша аса қызығушылық танытты.

Сапар барысында, қонақтардың қазіргі уақытта  «Қорғас» ШЫХО» АҚ барлық негізгі инфраструктуралық объектілердің құрылысын аяқтап, коммерциялық объектілердің құрылысына инвестицияладың белсенді тарту кезеңіне өтуіне көздері жетті.

Атап айтсақ, Дүниежүзілік банктің өкілдері Орталыққа сапарын жүргізгені алғаш емес. 25 қазанда 2011 жылы банк секторының өкілдерімен, сонымен бірге Қайта құру және даму Халықаралық банкімен дөңгелек үстел отырысы өткізілді.