AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Алматыда Қазақстан-БАӘ бизнес форумы өтуде

Алматыда Қазақстан-БАӘ бизнес форумы өтуде

 Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) арасындағы тауар айналымы 2012 жылы 165,5 млн. АҚШ долларын құрады.

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан  «Дубайдан ТМД-ға» деп аталатын Қазақстан-БАӘ бизнес форумында айтылды.

«Қазіргі таңда БАӘ капиталы бар Қазақстан экономикасының - құрылыс, мүлік, қаржы, туризм, қонақ үй бизнесі, агроөнеркәсіп кешені, энергетика, өндіру өнеркәсібі, машина жасау мен фармацевтика салаларын қамтиды. Ынтымақтастық ауқымы  үлкен», - деді ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті Сабыр Есембеков.

Оның айтуынша, 2012 жылы екі елдің арасындағы тауар айналымында экспорт 108,9 млн. долларды, импорт 56,1  млн. долларды құрады. Бұл Қазақстанның дәстүрлі серіктестерімен салыстырғанда аса үлкен емес. Дегенмен оны ұлғайтудың әлеуеті бар. Әсіресе Дубайдың транзиттік тәжірибесінің Қазақстан үшін маңызы зор.  Бұл бағытта Ақтау теңіз айлағы мен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының  дубайлық «DR World»  компаниясымен  ынтымақтастық туралы келісімдері де  бар.