AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Алматы облысының инвестициялық мүмкіншіліктерін көрсету форумы 2016 жылдың 22 сәуірінде (ҚХР)Үрімші қаласында өтті.

Алматы облысының инвестициялық мүмкіншіліктерін көрсету  форумы 2016 жылдың 22 сәуірінде (ҚХР)Үрімші қаласында өтті.

Облыстың инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыруға, жаңа серіктестер тауып, өзара тиімді ынтымақтастық келісімшарттарын жасасу мақсатында Алматы облысының әкімі А. Баталов бастаған ресми делегация екі күндік сапармен Қытай Халық республикасының Шыңжаң Ұйғыр автомномиялы ауданында болып қайтты.

Сапар барысында ҚХР ШҰАА-дағы бірқатар іргелі кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, үлкен бизнес-форум өткізілді.

Сапардың екінші күнінде ауқымды бизнес-форум өтіп, онда Жетісу өлкесін инвестициялық мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Облыс басшысы А. Баталов кәсіпкерлерге ешқандай бюрократиялық кедергісіз барлық жағдай жасалатынын жеткізді.

ШҰАА төрағасының орынбасары Мао Сайдихамуза Алматы облысының инвестициялық мүмкіндіктерінің таныстырылымы екі аймақтың ынтымақтастығын кеңейту мен дамытудағы керемет платформа екенін атап өтті. Сонымен қатар ол бұл тек экономикада ғана емес, білім, ғылым, туризм салаларында да жаңа байланыстарға жол ашатынын тілге тиек етті. 

 «Қорғас «ШЫХО» жобасының тұсаукесері  форумы аясында «Қорғас»ШЫХО» АҚ президенті Василий Васильевич Ни Орталықтың Бас жоспарымен таныстырды. 2015 жылы Орталықтың дамуына қоғамның  құрылысын салу бас жоспарына және тұжырымдамаға түзетулер енгізілгенін атап өтті. Негізгі Жобаның дамуына халықаралық сауда, іскерлік ынтымақтастық, мәдени және ғылыми айырбас, ойын – сауық инфроқұрылымдарына сүйеніп жасалып жатыр.  

  Біз негізгі жаңа бас жоспарда келесі орындарды анықтадық:

1)    сауда (сауда галереялары, сауда үйлері, орталық алаң, сауда орталығы, көп салалы сауда кешені);

2)    мәдени құндылықтар (қолөнершілер қаласы және театр);

3)    білім және ғылым қызметі (қазақстандық-қытайлық университет);

4)    ойын – сауық және спорттық – сауықтыру демалу инфракұрылымы (жабық ойын – сауық саябағы, сауықтыру кешені, стадион, көп салалы ойын – сауық кешені);

5)    халықаралық іскерлік серіктестік (конгресс-холл, бизнес орталығы, қонақ үй); 

Бүгінгі күнде 59 инвестистициялық нысандардың жалпы құны 263 миллиард тенгені құрайтын 35 нысан бөлініп берілген. 3 инвестициялық нысанның   құрылысы аяқталған.

14 инвестициялық нысанның (орталық алаң, қолөнершілер қаласы, конгресс – холл, 4 сауда галереясы, сауықтыру кешені, ашық базар, сауда орталығы және 4 сауда үйі) құрылысы басталды.

18 нысан бойынша жобалау құжаттары әзірленуде.

2016 жылы алғашқы инвестициялық нысандарды (орталық алаң және қолөнершілер қалашығы) іске қосу жоспарлануда.

 

Жалпы, сапар барысында 10-нан астам ірі компаниялар Алматы облысымен жалпы сомасы 2 млрд. доллардан астам инвестиция болатын 12 меморандумға қол қойды. Олардың қатарында күн және жел электр станцияларының, қабырға панельдерін шығаратын инновациялық зауыттың, қазақстандық-қытайлық агрокешеннің, ауыл шаруашылығы агроөңдеу паркінің құрылысы және тағы басқа жобалар бар. Сондай-ақ тәжірибе алмасып, мәдени, іскери байланыстар дамытылып, бұдан әрі де ынтымақтастықта болу мәселесі пысықталды.

Алдын-ала қарауТіркемеКөлем
1.jpg
1.jpg928.14 Кб
2.jpg
2.jpg1.82 MB
3.jpg1.9 MB
4.jpg166.9 Кб