AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Хоргос портында (Шинжәң Ұйғыр аутономиялық ауданы, ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қорғас» ШЫХО қызметі туралы келіссөздердің кезекті кезеңі өтті.

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде Хоргос портында (Шинжәң Ұйғыр аутономиялық ауданы, ҚХР) Қазақстан мен Қытай арасындағы «Қорғас» ШЫХО қызметі туралы келіссөздердің кезекті кезеңі өтті.

 

2013 жылдың 29 сәуірінде акционерлік қоғам президенті А. Хамитовтың басшылығымен «Қорғас» ШЫХО» АҚ және «Қорғас» АЭА Басқару комитетімен (ШҰАА, ҚХР) жұмыстық кездесуі өтті. Қытай жағын «Қорғас» АЭА партиялық басқару комитеті хатшысының орынбасары, Әкімшілік комитеттің төрағасы – Хуан Цзи Юе (Huang Ji Yue) басқарды.

Кездесу барысында қатысушылар ағымдағы жұмыстар жайындағы және «Қорғас» ШЫХО-ның алдағы дамуы туралы ақпараттарымен алмасты. Қазақстандық делегациясының басшысы кездесуге қатысқандардын алдында сөз сойлеп тығыз екі жақты әрекеттестіктің маңыздылығын, сонымен қатар ҚР мен ҚХР арасындағы шекара маңы сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастығының дамуындағы «Қорғас» ШЫХО-ның рөлін белгіледі.

101

Кездесу нәтижесінде Хаттамаға қол койылды. Бұл Хаттамада екі жақ ынтымақтастықтың адал ниеті мен өзаралық қағидатты қолданып Орталық аумағындағы құрылыстың дамуына және Орталықтың қарқынды дамуына және мемлекеттеріміздің арасындағы тауар айналымының өсуіне улесін қосатын бірлескен басқаруды жузеге асыруына міндеттенеді.

Сонымен бірге, 25 маусымда 2013 жылы Алматы қаласында «Қытай тауарларының 11-ші көрмесі – 2013» шеңберінде инвестициялар мен сауда серіктестерді тарту бойынша «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру» жобасымен бірлескен таныстыру рәсімі жүргізілетіні туралы бірауыздан шешім қабылданды.

Кездесу соңында екі жақ достық қағидаттары, сыйластық пен өзара пайдада негізделген ынтымақтастықты нысаналы кеңейту мен тереңдетуіне дайындығын растады.