AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

2015 жылдың 1 мамырынан бастап 31 мамырына дейін «Қорғас» ШЫХО келушілерге жабық болады

2015 жылдың 1 мамырынан бастап 31 мамырына дейін «Қорғас» ШЫХО келушілерге жабық болады

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

   2015 жылдың 28 сәуірінен

Мемлекеттік шекарада бақылау жүргізетін мемлекеттік органдардың «Қорғас» ШЫХО Бақылау өткізу пункті-1 (БӨП-1) көп атқарымдық ғимаратын үлгілендіруі туралы шешіміне байланысты, 2015 жылдың 1 мамырынан бастап 31 мамырына дейін «Қорғас» ШЫХО қазақстандық және қытай жақтары келушілерге жабық болады, көліктік (жүк) ағыны нысаналарын қоспағанда (Тауарларды жеткізу бақылауының автоматтандырылған жүйесі (ТЖБАЖ), Инспекциялық тексерме комплексі (ИТК), Уақытша сақтау қоймасы (УСҚ); экспорттық және импорттық тасымалдаулар).

2015 жылдың 1 маусымынан бастап «Қорғас» ШЫХО орнатылған тәртіпте қызметін атқарады.

«Қорғас» ШЫХО аумағында құрылыс жүргізіп жатқан инвестор-компанияларының мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдары мен «Қорғас» ШЫХО» АҚ бұл шектеменің қатысы жоқ.

«ҚОРҒАС» ШЫХО» АҚ ӘКІМШІЛІГІ