AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

2 - маусымнан бастап «Алтынкөл- Алматы-2» пойызы жаңа кестеге көшеді

2 - маусымнан бастап «Алтынкөл- Алматы-2» пойызы жаңа кестеге көшеді

2 - маусымнан бастап «Алтынкөл- Алматы-2» пойызы жаңа кестеге көшеді

№393Ц Алтынкөл-Алматы-2 жолаушылар пойызының кестесі өзгерді. Биылғы 2 -маусымнан бастап пойыз Алтынкөлден 22 сағатта шықса Алматыға түнгі 4 сағат 17 минутта келеді. Бұл шара өз кезегінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралы орталығында (ШЫХО) болушыларға қолайлы жағдай жасаудан туындап отыр.

«Соңғы жылдары «Қорғас» ШЫХО» көруге баратын туристердің дені теміржол көлігін пайдаланады. Сондықтан біз теміржол көлігі қызметін  тұтынушылардың  сұранысын ескердік. Ендігі жерде туристер пойызға кешігіп қаламын деп ойламайды»,-дейді «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті К. Джазин. 

Қорғасқа Қазақстан тарабынан туристердің ағылуы 2016 жылғы 1-қарашадан Қазақстан азаматтарына жеке куәлігі бойынша кіруге рұқсат етілуінен болып отыр. Оның сыртында Қорғасқа кіріп шығу бекетінің жұмыс кестесі  7:00 ден 19:00 сағатқа дейін болып өзгерді.

«Қорғас» ШЫХО» осы өзгеріс енгізілгелі алты айда 426 мың адам кірсе, бұл алдыңғы жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда 154 мың адамға жоғары көрсеткіш. Соңғы кезде туристердің пойызбен ағылуы құжаттандыру, кедендік тексеру, багаж беру қызметіне салмақты өсірді.

Анықтама:

№393Ц Алтынкөл-Алматы бағдарындағы пойызға билет құны плацкарттық вагонға -  1536 теңге, купе -  2351 теңге (жолда жүру мерзімі 6 сағат 17 мин) тұрады.

 «Қорғас» ШЫХО» АҚ баспасөз қызметі