AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

1 қарашадан бастап Қазақстанның азаматтары «Қорғас» ШЫХО жеке куәлік арқылы кіре алады

1 қарашадан бастап Қазақстанның азаматтары «Қорғас» ШЫХО жеке куәлік арқылы кіре алады

1 қарашадан бастап Қазақстанның азаматтары «Қорғас»

ШЫХО жеке куәлік арқылы кіре алады 

2013 жылдан бастап «Қорғас» ШЫХО» АҚ 2005 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге (ары қарай – Келісім) өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша үлкен жұмыс жүргізді, соның ішінде Қазақстанның азаматтары «Қорғас» ШЫХО-на жеке куәлік және туу туралы куәлік (бір ата-ананың алып жүруімен) арқылы кіруге мүмкіндігін жасау жайлы.

2014 жылдың 14 желтоқсанында Астана қаласында ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің Премьері Ли Кэцянның Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылды. Сондай-ақ хаттама «Қорғас» ШЫХО аумағын 2,17 ш. км дейін кеңейтуін, жұмыс істеу уақытын реттеуін (01 мамыр – 30 қыркүйек 8:30-дан 18:00-ге дейін, 01 қазан – 30 сәуір 8:00-ден 17:00-ге дейін), дөңгелек біліктері 6-дан аспайтын автокөліктер арқылы жүк тасымалдауды жүзеге асыруын көздейді.

2015 жылдың 17 маусымында Қазақстан Республикасының Үкіметі  жоғарыдағы Хаттаманы бекіту жайлы № 447 Қаулыны қабылдайды. Хаттаманың 2 бабына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар екі жақтың ішкі мемлекеттік процедуралары орындалғаны жайлы жазбаша хабарландыруды алған күнінен бастап күшіне енеді.

2016 жылдың 1 қарашасында ҚР ҰҚК Шекаралық қызметі Қазақстан Республикасы азаматтарын «Қорғас» ШЫХО аумағына жеке куәліктері арқылы шекаралық бақылаудан өткізуді бастады.

Ақпарат:

Мемлекет аралық келісімнің 15 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Тарабы аумағынан мынадай құжаттардың негізiнде Орталыққа/Орталықтан келедi, кетедi:

Қазақстан Республикасының паспорты (дипломатиялық, қызметтік, Қазақстан Республикасы азаматының паспорты);

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

Қазақстан Республикасының туу туралы куәлігі (ата-анасының біреуінің алып жүруімен).

Басқа Тарап мемлекетiнiң аумағында заңды түрде болған Қазақстан Республикасының азаматтары және Қытай Халық Республикасының азаматтары басқа Тарап мемлекетiнiң бөлігінен халықаралық сапарларға арналған қолданыстағы құжаттардың бiреуiнiң негізiнде Орталыққа/Орталықтан келiп, кете алады.