AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Ұлы Жібек жолының кілті Қазақстанның қолында...

Ұлы Жібек жолының кілті Қазақстанның қолында...

Ғасырлар бойы Орталық Азия елдерінің қолайлы жағдайларын қамтамасыз етіп отырған Қытайдан Европаға, Орта және Таяу Шығыс елдеріне баратын Жібек жолының әсері болған. Кезінде ішкі қолайсыз жағдайларға байланысты Қытаймен көршілес хандықтар арасындағы кикілжіңге сәйкес керуен жолдары жабылып қалатын. Ал бұл жағдайлар көптеген елдердің халқына ауыр соққы болатын, себебі олар Аспан асты елімен сауда жасап күн көріп отырғандар еді. Енді міне ХХІ ғасырда Қазақстан өзі үшін де, көршілес мемлекеттер үшін де Жібек жолын ашып отыр. Халықаралық шекара маңы сауда орталығымен Жетіген – Қорғас темір жолының іске қосылуына орай Европа мен Жер Орта теңізі бойындағы Қытаймен саудаласатын елдерді тарту арта түседі.

Ресейдің, Қазақстанның, Белорусияның бұқаралық ақпарат құралдарында Кеден одағының пайдасы бар ма, жоқ па деген тақырыпта ұшы-қиырсыз пікірталастар жүргізілуде. Біз осы пікірталастырушыларға қосылмай-ақ алдағы болатын жаңаша өзгерістерге нық сеніммен қарайық. Ресей мен Белорустың кәсіпкерлері Қытайдың тез қарқынмен дамитын экономикасының арқасында қолайлы сауда серіктестігі болатыны анық.

Үлкен қытай базары

15 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі жұмыс сапарымен Қытай Халық Республикасында болды. Бұған дейін ол Қорғас аймағындағы Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында (ШЫХО) болды. Журналистермен кездесті. ШЫХО деген не? Бұл екі жақтан да салынатын қазіргі заман қаласы, бұнда Қазақстан мен Қытайда өндірілетін тауарлар қойылады. Жақын арада Кедендік одақтың кәсіпкерлері Қытайдың ішкі жағына барып әуре болмайды. Қажетті заттарды осында салынып жатқан шекаралық қаладан тауып алады. Жаңа қалада қонақ үйлер, мейрамханалар, көрме нысандары, көңіл көтеру саябақтары этнографиялық қытай және қазақ ауылдары салынады. Осында келген бизнесмендер 30 күн алаңсыз қонақ үйлерде тұра алады. ШЫХО - әзірге жұмыс орны деп аталады. Мүмкін алдағы уақыттарда «үлкен Қытай базары», «Шанхай», немесе «Орталық Азия жайма базары» деп аталар, оны уақыт көрсетеді. Темір және автокөлік жолдары салынуда. Осындағы еркін экономикалық аймақта қазіргі заманғы сыртқа шығатын тауарлар шоғырланып, алыс-жақын шетелдерге жіберіледі.

К. Мәсімов көлік және коммуникация министрі Ә. Құсаиновтан Жетіген-Қорғас темір жолының қарқынын сұрады. Бұл жолдың 2012 жылға Қорғасқа дейін салынатынын хабардар етті.

Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруы

Жетіген-Қорғас темір жолымен және Батыс Қытай – Батыс Европа автокөлік жолдарының іске қосылуымен қажетті тауарлар ішкі Қытайдан тоқтаусыз Қазақстан жері арқылы Ресей, Белорусь, Украинаға одан әрі Европа елдеріне тасымалданады.

Темір жолдың екінші бір бағытымен тауарлар Түркияға, Жерорта теңізі елдеріне тасымалданады, сондай-ақ бұл бағыт Түрікменстан арқылы Иран, араб елдеріне шығуға мүмкіндік береді. Міне бұл бұрынғы ғасырлар қойнауында қалған Ұлы Жібек жолының қайта өмірге келуі, ал осыған орай Қазақстан Республикасы экономикасының дамуына қолайлы жағдайда әсер етуі сөзсіз, айта берсе кеден одағына кірген елдердің де дамуына ықпалы бар. «Қазақстан темір жолы» АҚ президенті Е. Есқалиев мырза былай деп сыр шертеді: «Ұлы Жібек жолының іске қосылуымен теңіз арқылы жүк тасымалдайтын елдермен бәсекеге түсу біз үшін қиынға соғады? Бірақ та жүк тасымалдаудың жылдамдығына байланысты теңіз арқылы жүк таситын елдер бізбен бәсекеге түсе алмайды. Атап айтқанда Қытайдың ішкі порттарынан Европаға теңіз арқылы жүк тасымалдауға 45 тәулік кетеді, ал темір жол арқылы жүк тасуға 12-13 тәулік кетеді, сөйтіп жол үш есе қысқарады. Бұл көптеген кәсіпкерлер үшін өте пайдалы. Себебі ақшаның жұмсалуы тоқтатылмайды, үнемі айналымда болады. Әсіресе тез бұзылатын және сәндіктен тез шығып кететін тауарлар үшін темір жолмен тасымалдаудың ең тиімділігі осыболады. Екінші жағынан Жетіген – Қорғас темір жолы қытайлар үшін өте пайдалы, себебі бүкіл Қытай арқылы өтетін темір жол Қазақстан темір жолына қосылады да жүк тасу қарқыны үдей түседі. Мысалы Достық станциясынан жүк тасу қарқыны шектеулі, бір жылда не бәрі 15 млн. тонна жүк тасылса, Қорғас арқылы 2025 жылы 25 млн. тонна жүк тасылады. Міне пайданың көзі қайда».

Мен білемін, қала болады

Бұл күндері ШЫХО-да қатынас жолдары мен инфрақұрылым өз кезегімен жүргізілуде. Жоспарланған жұмыстың көлемі бойынша Қытай жағы 90%-ға, Қазақстан жағы 70%-ға бітірген. Инженерлік жүйедегі жұмыстар: жарық, жылу, қазандықтар, қазіргі заманға сай үлкен кедендік кешендер салынуда.

Осы құрылыста экскаваторшы болып «Алматықалақұрылыс» өндірісінде істейтін А. Бейсембеков: «Әр айдың 29-сы күні тиісті еңбек ақымызды дер кезінде аламыз», - дейді. Ақша да бар, жұмыста да қарқын бар. Бұрынғы тақыр жерде қала тұрғызылып жатыр. Егер бұрын Қорғаста жер тиынмен есептелсе енді жердің құны үй салу үшін Алматымен теңесті. Нарықтың экономикалық заңы. Қорғасқа жақын Жаркент қаласында да қонақ үйлер, мейрамханалар, басқа да сауықтыру кешендері салынуда және оған келушілер де баршылық.

Ақша, ақша, ақша ...

«Ал ертең не болады?» - деген ұғымға келетін болсақ: 2012 жылы ШЫХО-ның инфрақұрылым нысандары мен темір және автокөлік жолдарын салу аяқталады. Одан соң өндірістік, көрме кешендері мен сауықтыру орындары салынып, бұған жеңілдік беру арқылы кәсіпкерлер тартылады солар салады. Бара-бара бұған Ресей мен Белорустың ірі «қалталылары» тартылады, соңында өздерінің салымдарына ірі көлемде қосымша табысқа ие болады.Сөйтіп Қазақстан халықаралық дәрежедегі қазіргі заманғы шекара маңы мегаполисіне ие болады. Қытайдың сыртқы тауар айналымының өсуінен пайда табатын инвесторлар есебінен қаланы салу қарқыны дами түсуде. Болашақта кеден одағына кіретін бизнесмендер алысқа бармай-ақ «Қорғас» халықаралық шекара маңынан сатып алған тауарларын өз еліне одан әрі Европаға жөнелте алады. Осыған орай «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Ғ. Жәшібеков былай дейді: «Бүгін біз инвесторларды тартумен жұмыс істеп жатырмыз. Еркін экономикалық аймақ ашу үшін Премьер-Министр де келіп кетті. ШЫХО аймағында өнеркәсіп өндірістік кешенін де ашқалы отырмыз, бұған Ресей, Белорусь, Татарстан т.б. республикалар да қызығушылық танытуда. ШЫХО жабық аймақ бұнда біздің және Қытайдың сауда-көрме павильондары орналасады. Қазақстан, Ресей, Белорусь кәсіпкерлері ішкі Қытайға бармай-ақ осы арада өздеріне қажетті тауарларды сатып алу үшін келісім-шарттар жасайды. Әрі үнемді, әрі пайдалы».

Құрманбек Артықбаев Алматы облысы бойынша кеден департаментінің бастығы, премьермен бірге жүрген Үкімет делегациясының мүшесі: «Кедендерден түсетін қаражат республикалық бюджеттің жартысын құрайды. Бүгінгі күні «Қорғас» кедені арқылы күніне 150 жүк көлігі өтетін болса, ШЫХО құрылысы толық аяқталғанда күніне 500 жүк көлігі өтетін болады, жиырма мың адам ШЫХо аймағына кіруге мүмкіндік алады. Туризмді дамыту, қазақстандықтар рұқсатнамасыз Қытай, ал қытай туристері Қазақ ауылына келе алатын болады. Сауда дегеніміз өрлеудің, дамудың қозғаушы күші екенін ұмытпау керек. Осы тұрғыдан алып қарағанда Қытаймен арадағы қатынас Аспан асты елімен экономикалық қатынастарды дамыта түссе, екінші жағынан кеден одағы мүшелерімен де пайда түсіру кепілі».

Азияның Куршевелі

Ресей мен Қазақстанның Қытаймен бәсекеге түсуі өте қиын, себебі арзан жұмысшы күші және инвесторларды тарту арқылы Қытай өз дегенін істеуде: Ресей мен Қазақстанның базарлары қытай заттарымен толтырылған, өз тауар өндірушілеріміз әлі аяғынан тұра алған жоқ. ШЫХО өз өнімдерімізбен қытай базарларына шығудың батыл жоспары десе де болады. Дүниежүзілік тәжірибеде жоспарларды ресми мәлім ету жеткіліксіз, Қытаймен мақсатты түрде жұмыс жүргізу керек. Шекарадағы қалада бизнес-жұмыспен қатар демалу орындарын да салып дамытуды қолға алу. Бұндай әдіс дүниежүзілік тәжірибеде бар. Оған мысал Европалық Альпіде орналасқан Куршевель демалу орнына дүниежүзінің әр елдерінен демалуға келген қалталы кәсіпкерлер, демалумен қатар кәсіпкерлік бағыттағы келіссөздерге ауысқанының, ақыры Куршевель Альпідегі әрі демалыс орны, әрі бизнес орталығы болып шыға келді. «Қорғас» кеденіндегі қала болашақта осындай дәрежеге көтерілуі керек.Қытай өз ішіндегі жаһандық дағдарыстан кейін экономикалық дамуын реттеу жолына түсірді. Егер бұрын ішкі жалпы өнімнің дамуы АҚШ пен Европа тәуелді болса, енді өз еліндегі ішкі тұтынушылар өсіп келе жатқан орта топқа арқа сүйеді. Осы мақсатпен Қытай өз базарына пайда түсіретін біріккен кәсіпорындарға мүдделі екенін білдірді, оның айғағы ШЫХО АҚ. Пекин кеден одағына кіретін елдермен де ынтымақтасуға қызығуда. Соңғы отыз жылда болған өзгерістердің пайдасын Қытайдың шығыс аймағының халқы көруде, экономика да дамыды, елдің әл-ауқаты да жақсарды. Оның кепілі Шанхай, батыс елдерінің қаласына ұқсайды, аспанмен таласқан үйлердегі елдің тұрмысы жақсы. «Ақ» және «көк» жағалы – орта тап өкілдерінің басым болуы әрі өндіруші, әрі кәсіпкер, олар өзінің кәсіби шеберлігін де, денсаулығын да дамытады.

Бірақ та қытайдың Батыс аймағы Шығыс аймағына қарағанда дамуы жағынан артта қалған. Бұл айырмашылықты жою үшін Аспан асты елі кеден одағы елдерімен ынтымақта болуға ниетті. Бұндағы мақсат АҚШ, Біріккен Европа елдерінің қатарына жету. Ал ол өз кезегінде батысындағы Шынжаң ұйғыр автономиялы ауданының өндіріс орындарын ашуға себеп болып, бұндағы тыныштықты сақтауға кепіл болады.

С. Малеев, З. Қаражанов, суреттер А. Канцедаловтікі, Алматы

Күнделікті Республикалық қоғамдық-саяси «Литер» газеті