AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

ҚОРҒАС» ШЫХО АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ РЕТТЕГІ КАЗАҚСТАНДЫҚ-ҚЫТАЙЛЫҚ МҰЗ БЕН ҚАР ФЕСТИВАЛІ

ҚОРҒАС» ШЫХО АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ РЕТТЕГІ КАЗАҚСТАНДЫҚ-ҚЫТАЙЛЫҚ МҰЗ БЕН ҚАР ФЕСТИВАЛІ

 



ҚОРҒАС» ШЫХО АУМАҒЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ РЕТТЕГІ

КАЗАҚСТАНДЫҚ-ҚЫТАЙЛЫҚ МҰЗ БЕН ҚАР ФЕСТИВАЛІ

 

Фестивальдің ашылуы 2014 жылғы 25  желтоқсан

 

Фестиваль аясында келесідей әдеби-көпшілік шаралар жүргізіледі:

1)   ерекше мұз мүсіні сайысы – Ең үздік шығармалар үшін арнайы жүлделер қарастырылған. Қатысушылардың географиясы: ҚР және ҚХР аймақтары: Астана,  Алматы, Талдықорған, Алматы облысының Панфилов ауданы, Жаркент, Үрімші, Құлжа, Алтай, Баянғол-Монғол автономдық округы, Іле-Қазақ автономдық округы және екі мемлекеттің басқа қалаларынан;

2)   «Қысқы кездесу» атты мұз үстіндегі салтанатты некелесуі – жас жұбайлардың «Ашық аспан астында, жарқыраған аппақ қар үстінде неке қию » ұранымен романтикалық салтанатты неке қию рәсімі;

3)   «Қысқы бейне» фотосайысы – ең үздік фотосурет жасау сайысы, арнайы жүлделер қарастырылған;

4)   қысқы сатылымспорт тауарларының сатылымы (шаңғы, коньки, спорт киімдері) және басқа да халық тұтынатын тауарлар;

5)   түрлі қысқы ойындары – хоккей, коньки және  шаңғы тебу, төбешіктен сырғанау, арқан тарту және тағыда басқа;

6)   халық серуендері – ән мен би және әлем халықтарының тамақтары.

 

Фестиваль Қытай жағының бастамасымен өтеді

Фестиваль ашылуының қарсаңында «Қорғас» ШЫХО қазақстандық жағындағы супермаркетпен таныстырылымы болады.   

 

«Қорғас» ШЫХО жету жолдары:

1)   «Сайран» және «Саяхат» автобекеттерінен қатынайтын автобус немесе такси бағыттары арқылы Алматы қ. «Қорғас» ШЫХО дейін;

2)   Алматы-1–Алтынкөл теміржол бағыты арқылы + трансфер Алтынкөл–«Қорғас» ШЫХО («Тұран-Экспресс» ЖШС Жолаушы компаниясы). Поезд Алматы-1 бекетінен тақ күндері жүреді.

 


НАЗАР
АУДАРЫҢЫЗ:

·      шекара жұмыс уақыты сағат 9-00-дан 17-00-ге дейін (Астана уақытымен).

·      «Қорғас» ШЫХО  келушілерге 30 күндік визасыз тәртіп жасалған.

·      Орталық аумағына кіруі ТӨЛҚҰЖАТ арқылы ұйымдастырылады

·      балалардың төлқұжаты бар болуы қажет.

·      Қазақстан аумағына кіргізілетін 1 адамға жүктің құны 1500 еуро, салмағы 50 келіден аспаса тауарға кедендік баж салығы салынбайды.