AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Қазақстандық делегация «Қорғас» ШЫХО өнеркәсіптік аймағында

Қазақстандық делегация «Қорғас» ШЫХО өнеркәсіптік аймағында

2010 жылғы 14 мамырда «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Ғабдулхаким Жашибековтың бастауымен қазақстандық инвесторлар ҚХР Қорғас портына және «Қорғас» ШЫХО қытай жағына танысу мақсатында іссапарға барып қайтты. Іссапар барысында қазақстандық делегация «Қорғас» ШЫХО өнеркәсіптік аймағында орналасқан жеңіл өнеркәсіп паркіндегі шұлық өндіретін заводта және «Цзинтян» логистикалық орталығында болды.

Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталықтың қытай бөлігінде «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Ғабдулхаким Жашибеков бастаған қазақстан делегациясының инвесторларымен «Қорғас» ШЫХО қытай бөлігінің басшылығы және бизнес құрылымдардың өкілдерімен кездесу өткізілді. Қытай жағының делегациясын ҚХР СҰАР ІҚАО Қорғас порты парткомитеті хатшысының орынбасары Әмірбек Батқытшық басқарып келді.

Кездесу барысында ҚХР СҰАР ІҚАО Қорғас порты парткомитеті хатшысының орынбасары, «Қорғас» ШЫХО қытай бөлігін игеру мен инвестициялау компаниясы бас директорының орынбасары Нұржан Разыван ШЫХО-ның қытай бөлігінің жағдайы және «Батыс Қытайды игеру» стратегиясының шеңберінде СҰАР-дың әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы хабарлама жасады. ҚХР СҰАР индустриализациялау бойынша ҚКП Орталық комитетінің шешіміне және өңірдің болашақта әлеуметтік-экономикалық дамуы жоспарына сәйкес, ҚХР 24 провинциясы СҰАР дамытуға жалпы табысының 0,5% бөлігін аударып отыруға міндетті. Сонымен қатар, Шэньчжень арнайы экономикалық аймағы тәрізді біреуі оңтүстік Синьцзяньдағы Қашқар қаласында ораналасатын, екіншісі СҰАР ІҚАО Қорғас портында болатын екі арнайы экономикалық аймақты құру туралы шешім қабылданған. Әрбір өңір СҰАР дамуын қамтамасыз ету мақсатында кәсіби мамандарды, жаңа технологиялар және жаңа жобаларды жіберулері керек. СҰАР-дың әрбір қаласы мен өңірі Қытайдың әлдеқайда дамыған қалалары мен өңірлеріне жауапкершілікке жүктелген. ҚХР СҰАР Іле-Қазақ автономиялы облысының дамуына Цзянсу провинциясы жауапты болса, Қорғас порты Цзянсу провинциясындағы Ляньюнган портының қамқорлығына берілген.

Өз кезегінде қазақстандық делегация мүшелері, Қорғастың қытай бөлігінің аумағында кәсіпорындарды тіркеу, тіркелген кәсіпорындардың каталогы, инвестициялық преференциялар, тері өнімдерін шығаратын шетелдік кәсіпорындарға экологиялық талаптар және т.б. жайлы мәселелерді көтерді.

Қазақстан делегациясы жетекшісінің айтуынша, «Қорғас» ШЫХО негізінде екі жақтың бизнес құрылымдары арасындағы қарым-қатынасты дамыту мақсатында, бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі қытай, қазақстан инвесторларына қолдау көрсету және ақпарат, кеңес беру үшін бірлескен ұйым – Үйлестіру кеңесін құру қажеттілігі туындады. Жақын күндегі келесі кездесу барысында екі жақ Үйлестіру кеңесі туралы ережеге қол қоюға келісті.