AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңесінің екінші отырысы 14 желтоқсан 2014 жыл, Астана қ.

Қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңесінің екінші отырысы 14 желтоқсан 2014 жыл, Астана қ.

Қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңесінің екінші отырысы

14 желтоқсан 2014 жыл, Астана қ.

 

14 желтоқсан 2014 жылы «Қорғас» ШЫХО» АҚ делегациясы Қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңесінің екінші отырысының «Сауда-экономикалық өзара әрекеттестігін дамытуындағы шағын және орта бизнесінің рөлі» атты 3-ші панелді сессиясына қатысты.

Панелді сессиясының шеңберінде «Қорғас» ШЫХО» АҚ Президенті Хамитов Асхат Джаксибекович жобамен таныстырып өтті.

Сессиядан соң делегация Қазақстан Республикасының Премьер-министірі Масимов К. К. және Қытай Халық Республикасы Үкімет Кеңесінің Премьері Ли Кэцяннның қатысуымен өткен Қазақстандық-қытайлық іскерлік кеңесінің екінші отырысының  Толық мәжілісіне қатысты.

 

Сонымен қатар Қытай Халық Республикасы Үкімет Кеңесінің Премьері Ли Кэцяннның Қазақстан Республикасына ресми сапары барысында 2005 жылдың 4 шілдеден Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы «Қорғас» ШЫХО қызметін реттеу туралы келісіміне өзгертулер мен толықтырулар еңгізу бойынша Хаттамаға қол қойылды.