AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің Кеден қызметтерінің басшылары «Қорғас» ШЫХО объектілеріне жұмыстық сапарын өткізді.

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей елдерінің Кеден қызметтерінің басшылары «Қорғас» ШЫХО объектілеріне жұмыстық сапарын өткізді.

12 сәуірде 2013 жылы Кеден қызметтері басшыларының делегациясы (Қазақстан Республикасы Қаржы министірлігі Кедендік бақылау комитеті Төрағасының орынбасары Ержанов А. К., Ресейдің Федералды кедендік кызметі басшысының орынбасары Васильев А. В., Қырғыстанның Мемлекеттік кедендік қызметі төрағасының орынбасары Кожобеков А. Э.) «Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның БӨТ-1 Көп атқарымдық ғимаратына жұмыстық сапарын өткізді. Сапар барысында ШЫХО-ның кызмет етуі мен «Қорғас» ШЫХО аймағынан адамдар мен жүктерді Кедендік одақтың басқа аймағына алып өтуі жайындағы өзекті мәселелерін талқылау бойынша жұмыстық кездесуі өттті.

Сапар аякталуында Қазақстан Республикасындағы Ресей Федерациясының Кеден қызметі Өкілдігінің делегациясы алдағы тиімді және өзара тиімді Ресей Федерациясының Кеден қызметі мен «Қорғас» ШЫХО» АҚ-ның басшылығы арасындағы ынтымақтастығына үмітің білдірді.