AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Мерекелік күндеріндегі "Қорғас" ШЫХО жұмыс істеу тәртібі

Мерекелік күндеріндегі "Қорғас" ШЫХО жұмыс істеу тәртібі

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мерекелері заңына» сәйкес 16 желтоқсан – 16-17 желтоқсан күндерінде атап өтілетін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні» ұллтық мерекесі, және 1 желтоқсан – «Қазақстан Республикасының тұнғыш президенті күні» мен 1-2 қаңтар – «Жаңа  жыл» мемлекеттік мерекелері болып табылады.

Осыған орай 2016 жылдың 1, 16, 31 желтоқсан күндерінде және 2017 жылдың 1, 2 қаңтар күндерінде демалыс күндері болып табылғандықтан, «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы қазақстандық жағынан кіретін келушілерге жабық болады.

2016 жылдың 2, 17 желтоқсан күндерінде және 2017 жылдың 3 қаңтарында  «Қорғас» ШЫХО (бұдан әрі - Орталық) орнатылған тәртіпте  жұмыс істейді.

Бұл шектеу «Қорғас» ШЫХО» АҚ және Орталық аумағында инфроқұрылымдық және инвестициялық объектілері бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер және қосалқы мердігер компанияларына қатысты қолданылмайды.

Бақылау-өткізу атқарымдарын жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды және ұйымдарды қызметтер мен жүйелер жұмыстарын қамтамасыз ету бойынша тиісті шараларды қолдануды сұраймыз.

 «ҚОРҒАС «ШЫХО» АҚ ӘКІМШІЛІГІ