AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

БАСПАСӨЗ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

БАСПАСӨЗ ҚҰЛАҚТАНДЫРУ

31 тамыз 2016 жыл

Құрметті ханымдар мен мырзалар!

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы (ары қарай – Қоғам) өз құрметін білдіріп келесіні хабарлайды.

Қазақстан Республикасының экспортқа бағытталған салаларды халықаралық нарыққа сонымен қатар «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру» жобасына тарту және ҚР мен ҚХР тауарөндірушілер мен әлеуетті инвесторлардың арасында ШЫХО аумағында тікелей байланыс орнатуындағы бизнеске жәрдем беру және жеткізілім келісім шарттарды жасау  мақсатында Қоғам «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» БК» АҚ мен «KTZ Express» АҚ келесі шараларды өткізеді:

1) 2016 жылдың 14 қыркүйегінде сағат 10:00 Астана қаласында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ кеңсе ғимаратында /Астана қ., Д. Қонаев, 6 көш./ тауарөндірушілердің қатысуымен өтетін «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру» жобасы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА» инвестициялық жобаларының таныстырылымы»;

2) 2016 жылдың 23-25 қыркүйек аралығында «Қорғас» ШЫХО  аумағында өтетін «Қорғас» ШЫХО құру» жобасының қазақстан-қытай бірлескен таныстырылымы және Отандық тауарөндірушілер жәрмеңкесі.

Шараларға Алматы қаласы мен Алматы облысының әкімдіктердің, «Атамекен» ҰКП, ҚХР ШҰАР «Қорғас» АЭА, Қазақстан Республикасындағы  Шанхай ынтымақтастық ұйымының Іскерлік кеңестің, сонымен қатар Алматы қаласы мен Алматы Облысының тауарөндірушілердің қатысуы жоспарда.

Жоғары аталған шараға қатысуға қызығушылық танытқандар мен БАҚ өкілдерді 8(72831) 7-99-01 телефон нөмері бойынша тіркелуіңізді немесе «Қорғас» ШЫХО» АҚ Инвестиция және халықаралық қарым-қатынас басқармасының электрондық мекенжайына аты-жөні, БАҚ атауы және байланыс нөмерлерін хабарлауыңызды сұраймыз (reception@mcps-khorgos.kz).

«Қорғас» ШЫХО» АҚ

Инвестиция және халықаралық қарым-қатынас басқармасы 

 

«KTZ Express» АҚ баспасөз қызметі