AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Жетіген-Қорғас» темір жол құрылысы биыл аяқталады

«Жетіген-Қорғас» темір жол құрылысы биыл аяқталады
«Жетіген-Қорғас» темір жол құрылысы биыл аяқталады

«Жетіген - Қорғас» темір жолы биыл жыл соңына дейін салынып бітеді. Сондай-ақ «Қорғас» халықаралық шекаралық байланыс орталығының алғашқы кешені желтоқсан айында іске қосылуы тиіс.

Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасына енген екі жобаның орындалу барысымен танысу үшін үшін Вице-премьер – Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешов Қорғас шекара бекетіне арнайы келді. Жетіген – Қорғас темір жолы маңызды стратегиялық жобалардың бірі. Ол Қазақстан мен Қытай арасындағы өзара сауда айналымын арттырып қана қой-май, Азия мен Еуропа арасындағы негізгі көлік дәлізіне айналмақ. Темір жол желісінің қашықтығы – 293 шақырым. Онда 14 жаңа жеке бөлімше жұмыс істейтін болады. Солардың бірі – Алтыкөл стансасы. Теміржол, вокзал, әкімшілік ғимарат пен қонақүйлер жыл соңына дейін салынып бітуі тиіс. Осы күзде әзірге атауы белгісіз тағы бір стансаға алғашқы тұрғындар қоныс аударады. Кент темір жолшыларға қызмет көрсету үшін арнайы тұрғызылған. Мұнда 500 пәтерлі үй, мектеп, балабақша, дәрігерлік амбулатория, асхана, монша мен өрт сөндіру депосы салынды.

Ерік СҰЛТАНОВ, ҚТЖ ҰК ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
-90 пайыз жұмысымызды бітірдік. Қазір мұнда 4 мың адам жұмыс істейді. 2 мың техник бар. Мигранттар жоқ, барлығы жергілікті тұрғындар.

«Қазақстан темір жолы» компаниясының иығына жүктелген тағы бір жоба – «Қорғас» халықаралық шекаралық байланыс орталығы. Шет елдіктер визасыз бір ай жүруге мүмкіндік алатын сауда алаңы деуге болады. 113-ке жуық негізгі нысандардың құрылысын мемлекеттің өзі салады, ал қалған – қонақүй, мейрамхана, сауда және ойын-сауық кешендер инвесторлар есебінен. Алда халықаралық орталықты кәдімгі қалаға айналдыру ойда бар. Салынуы 18-шы жылға дейін созылатын ұзақ мерзімді жобаның алғашқы кешені осы желтоқсанда пайдалануға берілуі тиіс.

Ерхат ЕСҚАЛИЕВ, ҚТЖ ҰК ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТІ:
-Біз алда ел аумағы мен шекара бекеті арқылы жоғары жылдамдықпен өте алатындай мүмкіндігі бар транзитті мемлекет боламыз. Қызмет көрсету жағы да замануи талапқа сай болу тиіс. Үшіншісі – ол қауіпсіздік. Соңғысы – тұрақтылық.

Тағы бір жаңалық, қашықтығы 304 шақырым болатын Алматы-Қорғас 4 жолақты автобан құрылысы келесі жылы басталады. Бұйыртса, аталмыш құрылыс 2015 жылға қарай аяқталмақ.