AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Шеньчжендегі China International Logistics Transportation Fair 2012 («CILF 2012») көрмесіне қатысты

«ҚТЖ» ҰК» АҚ Шеньчжендегі China International Logistics Transportation Fair 2012 («CILF 2012») көрмесіне қатысты

«Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясының  А. Сұлтанов бастаған делегациясы, «Көліктегі логистиканы дамыту орталығы» АҚ, «Қазтранссервис» АҚ, «Кедентранссервис» АҚ мен «Қорғас» халықаралық шекаралық серіктестік орталығы өкілдерімен бірге  (ҚХР) Шеньчжень қаласында болды. Олар халықаралық көліктік логистикалық  «China International Logistics Transportation Fair 2012» («CILF 2012») көрмесіне қатысты. Сондай-ақ  сапар барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ делегациясы  Янтьян портында болып, «Shenzhen Yantian Port Group Company Limited» компаниясымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойды. 

Қазанның 15-17 күндері «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «Қорғас» ХШО делегациясы ірі халықаралық логистикалық  «CILF 2012» көрмесіне қатысты. Онда қоймалық технология, көлік тасымалы, тарату жүйесі, жүктерді тасымалдау мен ақпарат ағыны жайлары қамтылды.
 
Делегация мүшелері көрме аясында халықаралық ірі логистикалық компаниялардың сарапшыларымен кездесіп логистикалық технология және бағдарламалық қамтамасыз ету, тізбектей жеткізуді басқару, логистикалық ақпараттық  (IT) шешімдері туралы пікір алмасты. 
«Қорғас» ХШО» АҚ президенті Т. Әбілғазин мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ өкілдері Қазақстан Республикасының транзиттік мүмкіндіктері туралы көрмелік материал ұсынды. Онда Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан көліктік логистика саласындағы ауқымды жұмыстардың жобалары қойылды. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның басқаруындағы Қытаймен шекарада орналасқан «Қорғас» ХШО» АҚ жобасы да орын алды.
 
«Қорғас» ХШО Қазақстан Респуликасы мен Қытай Халық Республикасы Мемлекет басшыларының бастамашылығымен ашылған үлкен жоба. «Қорғас» ХШО басты мақсаты – ішкі және сыртқы капиталды тартудың қолайлы инвестициялық ахуалы мен ерекше құқықтық режімді қамтамасыз ету. «Қорғас» ХШО аумағында ҚХР мен басқа да мемлекеттермен шекаралық сауда және іскерлік қарым қатынас жүргізуге ерекше құқықтық режім жасалған. Орталық аумағында визалық режімсіз 30 күн тұруға болады.
 
Қазақстандық делегаттар көрме аясында  «Sinotrans», «Shenzhen Warehouse Railway Co.Ltd» компанияларының өкілдерімен кездесті. Кездесу қорытындысы бойынша бірлескен логистикалыөқ өнімдер шығаруға уағдаласты.  Сондай-ақ, делегация «Еуразия логистикасы» қазақстан, ресей, латвия көлік компанияларының бірлескен экспозициялық көрмесіне қатысты.
 
Көрме барысында қазақстандық тарап шетелдік әріптестерімен сатып алу, қамтамасыз ету, жеткізу секілді жайлар бойынша пікір алмасты.
 
Оған қоса «ҚТЖ» ҰК» АҚ делагациясы Янтьян  портында,   железнодорожную станцию Pingyan темір жол станциясында болды.  Кездесу қорытындысы бойынша  «Shenzhen Yantian Port Group Company Limited» компаниясымен серіктестік туралы Меморандумға қол қойылды. Қол қойылған меморандумға сәйкес тараптар ҚР мен ҚХР аумағында көлікті логистикалық қызмет түрін дамыту және инновациялық бірлескен жобаларды жүзеге асыру көзделеді. Тараптар сондай-ақ Азия –Еуропа бағдарында трансқұрлықтық бағдарларда мультимодальдық тасымалдау, ҚР мен ҚХР арқылы өтетін транзиттік жаңа жүк ағынын тарту жайын қарастырады.  Атап айтқанда, Қытай Еуропа бағдарымен контейнерлік тасымалдау, Қорғас-Алтынкөл шекаралық бекеті арқылы Ақтау теңіз портына жүк жеткізу жайы да талқыланды.   
 
Анықтама
 
-  «China International Logistics Transportation Fair 2012» («CILF 2012») – 
 
Қытайдағы бірден бір мемлекеттік деңгейдегі көліктік логистикалық мақсаттағы көрме. №1 азиялық деңгейдегі көрме болса,  №2 – әлемдік көліктік жүйені қамтиды. Көрме 2006 жылдан бері өткізіліп келеді. CILF көліктік логистика жүйесіндегі әлемдік компаниялардың сапалы әрі тиімді кәсіби тұрғыдағы бас қосатын, пікір алмасатын орталығы.
 
- Shenzhen Yantian Port Holdings Co. Янтьян (Шеньчжень қаласында орналасқан. Акциясының негізі Yantian Port Group (67, 37%), активі Шеньчжендегі мемлекеттік әкімшілік комиссиясының бақылауында тұр.  Янтьян (Yantian порты), Шеньчжень (АЭА) еркін экономикалық аймағына жатқызылады. Порт Қытайдағы контейнерлік терминалдың қызметі жөнінен екінші орын алады. Ол Гонкогтен 36 шақырым жерде Оңтүстік Қытай теңізінің жағасында  орналасқан.  Портта екі контейнерлік терминал: Yantian International Container Terminals и Yantian West Port Container Terminal орналасқан. Терминал Yantian International Container Terminals (YICT) 1994 жылы Нutchison Port Holdings (HPH) и Shenzhen Yantian Port Group (YPG) компаниясымен бірлескен кәсіпорын ретінде құрылған .
 
«КЛДҰО» АҚ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ баспасөз қызметі