AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «DP World» компаниясы «Ақтау» теңіз айлағы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н бірлесіп игермек

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «DP World» компаниясы «Ақтау» теңіз айлағы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-н бірлесіп игермек

Сәуірдің 15-інде Премьер министрдің орынбасары Әсет Исекешов басқарған Қазақстан Республикасы үкіметтік делегациясының жұмыс сапары барысында «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен «DP World» компаниясы арасында Ақтау теңіз айлағы мен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА бірлесіп басқару жөніндегі әріптестікке қол қойды.

 

Қазақстан Республикасының транзиттік әлеуетін кеңейтуге қызмет ететін маңызды құжатқа екі компанияның президенттері Асқар Мамин мен Мохаммед Шараф қол қойды.

Қазақстандық делегацияны құшақ жая қарсы алған «DP World» компаниясы басқармасының төрағасы Сұлтан Ахмед бин Сулайем екі ел арасындағы серіктестіктің келешегі кемел екендігіне тоқталды. Оның ішінде араб компаниясы «Ақтау» теңіз айлағы мен «Қорғас- Шығыс қақпасы» АЭА жобаларын жүзеге асыруға қатысатын болады.

Кездесу барысында «DP World» штаб пәтерінде болған басқосуда олар Қазақстандық жобаларда Джебель Али еркін экономикалық аймағын дамытудағы логистикалық, индустриальдық және сауда операцияларындағы бай тәжірибелерін қолдана алады.

Мұның сыртында дубайлық компания өздерінің Темза өзеніндегі «London Gateway» порты құрылысының тұсаукесерін жасады. Оған аталмыш компания үш млрд. АҚШ доллары көлеміндегі қаржы аударған. Порттың ашылуы биылғы жылдың үшінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Сұлтан Ахмед бин Сулайемнің айтуынша, компания қазақстан-қытай шекарасындағы «Қорғас» АЭА жобасын қысқа мерзімде ірі Еуразия логистикалық орталығына айналдыра алатындығын мәлімдеп отыр. Ол екі жобаның да әлеуеті үлкен екендігіне сенім білдірді. Көліктік логистикалық орталықтың инфрақұрылымын дамытуға шетелдік инвестицияларды тартуға да өте қолайлы жобалар.

Қазақстан Қытайдың дамушы экономикасы мен Еуропаның нарығына шығатын қолайлы географиялық орында орналасқан. Оған қоса ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал сыртқы саясаты да дамуға оң әсер етіп отыр. Біз Қазақстанға аймақтағы үздік инфрақұрылым жасақтау арқылы бизнестің жайлы сезінуіне жағдай жасаймыз,-деп атап өтті С. Сулайем.

 Анықтама: DP World Дубайдағы – Джебель Али арнайы экономикалық аймағындағы әлемдік ірі порттық оператор. Компания алты құрлықтағы 31 мемлекеттің аумағында 66 терминалды басқарып отыр.

 2012 жылы DP World 56 миллион жиырма футтық эквиалентін (ДФЭ) өңдеді. Таяу болашақта Индия, Африка, Еуропа мен Таяу Шығыстағы жүк өңдеу көлемін 2020 жылға дейін 103 миллион жиырма футтық эквивалентіне (ДФЭ) жеткізуді жоспарлап отыр.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Баспасөз қызметі