AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО аумағындағы жүзеге асырылып жатқан жобаларға сауда серіктестері мен инвесторларды тарту бойынша Үшінші қазақстан-қытай бірлескен таныстырылымы

«Қорғас» ШЫХО аумағындағы жүзеге асырылып жатқан жобаларға сауда серіктестері мен инвесторларды тарту бойынша Үшінші қазақстан-қытай бірлескен таныстырылымы

«Қорғас» ШЫХО аумағындағы жүзеге асырылып жатқан жобаларға сауда серіктестері мен инвесторларды тарту бойынша Үшінші қазақстан-қытай бірлескен таныстырылымы

2014 жылдың 23 мамыр күні  «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы аумағындағы жүзеге асырылып жатқан жобаларға сауда серіктестері мен инвесторларды тарту бойынша Үшінші қазақстан-қытай бірлескен таныстырылымы өтті. Алғашқы таныстырылым Алматы қаласында 2013 жылдың 25 мамырында, екінші таныстырылым Экспо «Қытай-Евразия» көрмесі шеңберінде Үрүмші қаласында 2013 жылдың 3 қыркүйегінде өткізілген болатын. Бірлескен таныстырылымды өткізу серіктестік пен достық қарым-қатынастарының көрсеткіші болып дәстүрге айналып келе жатыр.

Қазақстандық экономикасына салынатын тікелей шетелдік инвестициялардың көлемі бойынша Қытай алдыңғы қатарын алып тұр. ҚХР Қазақстанға басым болып табылатын 20 инвестор-мемлекеттері тізіміне кіреді. Қытай инвесторлары 17 миллиард АҚШ долларынан астам  сомасындағы шамамен 20 шақты жобаларын Қазақстанда жүзеге асырып отыр. Жылдың басына қарай Қазақстанға Қытайдан тартылған инвестициялардың жиынтық көлемі 20 миллиард АҚШ долларынан асты.

Бүгінгі күнге Орталықтың инфрақұрылымы объектілерінің құрылысы аяғына жетіп қалды. 2013 жылдың ішінде «Қорғас» ШЫХО-на қазақстандық жағынан 164 мыңға жуық адам келген. Туристік ағымының кенет ұлғаюына 2013 жылдың 22 қазанынан 27 қазанына дейін қытай жағымен бірлесіп өткізілген «Қорғас» арқылы жібек жолымен» атты Бірінші қазақстан-қытай сауда жәрмеңкесі себептес болды. Жәрмеңке өткізуін «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ, Қазақстандық туристік ассоциациясы, «Тұран экспресс» Жолаушылар компаниясы» ЖШС, Алматы қаласының автобекеттері және елдің бизнес-құрылымдары қолдап көмегін көрсетті. Жәрмеңкеге бірнеше жүз қытай компаниялары мен 10 шақты отандық компаниялар қатысқан. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, жәрмеңкеге 11 мыңға жуық адам келді. 2014 жылдың 3 шілдеден 6 шілдеге дейін Орталық аумағында Ауыл шаруашылығы және арнаулы техникасының көрмесі жоспарланған.

2014 жылдың 31 наурызында мемлекеттік органдар мен бақылаушы қызметтерімен, сонымен қатар Шыңжаң ұйғыр автономиялық ауданы (ШҰАА) «Қорғас» Арнаулы экономикалық ауданы (АЭА) Әкімшілік комитетінің төрағасы У Вэнь Сианның басшылығындағы делегациямен бірлесіп көлік жүк ағымы нысандарының сынақтама тәртіптемесінде салтанатты түрінде ашылуы өтті. Жүк терминалы нысандарының ресми ашылуы 2014 жылдың шілде айына жоспарланған.

ҚХР Басты кеден басқармасының мәліметтеріне сәйкес 2013 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымының көлемі 11,3 % өсіп, 28,5 миллиард АҚШ долларын құрады. Қазіргі уақытта біздің алдымызда бұл көрсеткішті 2015 жылға таман 40 миллиард долларға арттыруындағы жаңа менмен мақсат тұр. Орталықтың көлік-транзиттік басымдықтарын пайдалана отырып бұл көрсеткішке жетуі әбден мүмкін.

Таныстырылымға екі жақтан қатысқандардың жалпы саны 125 адамға жетті.

Таныстырылым аясында «Қорғас» ШЫХО» АҚ президенті Хамитов Асқат Жақсыбекұлы және Іле-қазақ автономдық округының әкімі Жанер Манин жиналған қауымның алдында сәлемдесу сөздерімен шықты. Орталықтың қазақстандық және қытай жақтарымен «Қорғас» ШЫХО» АҚ Инвестиция және халықаралық ынтымақтастығы басқармасы бастығының міндеттерін орындаушы Ахметов Құрбанжан Тұрдахунұлы және Әкімшілік шаруалары партиялық комитеті хатшысының орынбасары, ШҰАА «Қорғас» АЭА Әкімшілік комитеті төрағасының орынбасары Ван Ган таныстырды. 

Сонымен бірге «Қорғас» ШЫХО инвесторы болып табылатын «Senko Lancaster Silk Road Logistics» ЖШС президенті Бейсембиев А. К. сөз берілді. Ол Орталықтың казақстандық жағының логистикалық аймақтарында «А» классындағы 3 терминалдары құрылысының аяқталуы жөнінде хабарлап Қазақстанға және Еуропа мен Кеден одағы мемлекеттеріне қарай Қытайдан бағытталған жүк ағымына қызмет көрсетуі туралы аужайын танытты.

Одан басқа, «Capital Gate Central Asia» ЖШС Директорлар Кеңесінің төрағасы Воджак Грегори Джон мырза компанияның мамандарымен зерттеп дайындалған, негізіне қазіргі заманғы әрленімдегі қазақ үйінің элементтері алынған қонақ үйі кешенінің жобасымен таныстырды. Бұл жоба және «Capital Gate Central Asia» ЖШС мамандарының көз пікірі «Қорғас» ШЫХО құру» жобасына қатысуының негізі болуы мүмкін. Жақтар арасында алдағы ынтымақтастығы туралы меморандумға ең жақын арада қол қоюындағы жақтардың ниеттері расталды.

Таныстырылым алаңында «Capital Gate Central Asia» ЖШС президенті Жаукеева Н. С., «Ұлттық сараптау және сертификаттау орталығы» акционерлік қоғамының («ҰССО» АҚ) вице-президенті Мырзабаев Е. О., «ҚазЭкспоАудит» ЖШС бас директоры Инюшина Л. В., сонымен қатар «Rean Commodity DMCC» компаниясының (Дубай, БАЭ) төрағасы Дюран Бакыржи атты әлеуетті инвесторларымен келіссөздер жүргізілді.

Таныстырылым қорытындылары туралы мәліметтері баспасөз басылымдары мен ақпараттық ленталарында жарияланған (КазТАГ, zona.kz, i-News.kz, kapital.kz, BNews.kz, Накануне.kz, Республика, kursiv.kz, total.kz).