AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО қазақстандық жағындағы «Достық» ойын – сауық орталығы құрылысының алғашқы тасын қалау салтанаты

«Қорғас» ШЫХО қазақстандық жағындағы  «Достық» ойын – сауық орталығы құрылысының алғашқы тасын қалау салтанаты

2015 жылдың 03 шілдесінде  «Қорғас» ШЫХО  қытайлық  серіктестерімен   бірігіп  «Қорғас»ШЫХО қазақстандық жағындағы   көп салалы ойын-сауық кешенің құрылысына бастау  берді. Бұл шара 2015 жылдың 22 мамырындағы  «Қорғас «Шекара  маңы ынтымақтастығы  халықаралық  орталығын  құру»  жобасының біріккен  қазақстандық – қытайлық  V презентациясында қол қойылған   Хоргос қаласының Халықтық үкіметі   және сауда серіктестігін  іске асырудағы алғашқы   меморандум.

«Қорғас «ШЫХО» АҚ  вице – президенті  Нуртазин   Сәкенғали     «қазақстандық – қытайлық  іскерлік  серіктестік қарым-қанынасы жақсы және келешегі зор. Әңгіме саудалық, логистикалық,  инвестициялық   сала  жөнінде. «Қорғас «ШЫХО» АҚ  және  Қорғас қаласының  Халықтық үкіметі  өзара серіктестік пен тұрақты даму үшін үлкен мүмкіншіліктер ашылуда».

Қытай жақ өкілдерін Қорғас қаласының қалабасы Әбілмажін Мурал мырза бастап келді - , Әбілмажін Мурал өз сөзінде  қазақстандық «Қорғас»  ШЫХО аумағында орналасқан «Достық» сауда  орталығы  құрылысы қол жеткізген уағдаластықтың, бірлескен құрылыстың, бірлесе пайдаланудың, қазақстандық жағынан берілген жер теліміне қытай  жақ инвестиция компаниясы құрылысын бастайтындығын атап өтті.  Бұл жоба аумағы 4 га, құрылыстың жалпы аумағы 69,5 мың.м2 , инвестицияның жобалау соммасы 120 миллион юань. Бұл көп салалы  жаңа түрдегі сауда орталығы, ішіне қоғамдық тамақтану, көңіл көтеру, сауда орталықтарын, демалу аймағын және сауықтыру, емдеу шараларын қосады. Бұл жоба жаңа технологиялар мен тез арада салынатындығына, сонымен, бірге жоғары стандарттарға сай болатындығына калабасы сенімділігін білдірді.

Қазіргі таңда , екі жақпен келісім шарт мәтіні келісілуде.

Алдын-ала қарауТіркемеКөлем
img_3456.jpg
img_3456.jpg5.37 MB
img_3469.jpg
img_3469.jpg4.93 MB
img_3488.jpg
img_3488.jpg6.53 MB
img_3500.jpg
img_3500.jpg6.66 MB