AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО» АҚ мен «Қорғас» АЭА ШҰАА ҚХР делегациялар арасындағы жұмыс кездесуі

«Қорғас» ШЫХО» АҚ мен «Қорғас» АЭА ШҰАА ҚХР делегациялар арасындағы жұмыс кездесуі

2015 жылдың 29 наурызында «Қорғас» ШЫХО» АҚ Президенті А. Хамитов және  «Қорғас» АЭА партиялық жұмыс комитетінің әкімшілік істер бойынша хатшының орынбасары - Әкімшілік комитеті төрағасының орынбасары Ван Ган төрағалықтарымен «Қорғас» ШЫХО» АҚ мен «Қорғас» АЭА ШҰАА ҚХР делегациялар арасындағы жұмыс кездесуі өтті. Сонымен қатар «Қорғас» ШЫХО құру жобасының инвесторлары «Capital Gate Holdings» ЖШС және «Senko Lancaster Silk Road Logistics» ЖШС өкілдері бұл кездесуге қатысты.

 Кездесу аясында екі жақ істердің ағымдағы жағдайы және «Қорғас» ШЫХО ары қарай дамуы жайлы ақпараттармен алмасып, Орталықтың қызметі мен оның реттелуі жайындағы бірнеше мәселелерді қозғап талқылады. Қазақстандық делегациясының төрағасы ҚР мен ҚХР арасындағы шекара маңы сауда-экономикалық, мәдени ынтымақтастығы дамуындағы «Қорғас» ШЫХО маңызды рөлі бар екенің атап айтып кеткен.

Сонымен бірге «Қорғас» ШЫХО аумағындағы «Senko Lancaster Silk Road Logistics» ЖШС уақытша сақтау қоймасының бастығы Омаркенов Рустем және «Capital Gate Holdings» ЖШС Президенті Жаукеева Нургуль өздерінің таныстырылымдарын алға жайды.

Одан басқа сол күні Наурыз мейрамын тойлау барысында түрлі ойындар өткізіліп, оның ішінде арқан тартпақ, асық ату, күрес, және музыкалық көрсетілім жасалды.

Кездесу нәтижесінде жақтар ынтымақтастыққа шынайы ниетін білдіріп Орталықтың жеделдетілген дамуына және екі елдің тауар айналымын арттыруына әкелетін Орталық аумағындағы құрылысты дамытуына міндеттеніп Хаттамаға қол қойды.

Кездесу аяғында екі жақ достық, сыйластық және өзара тиімділік қағидаттарына негізделген ынтымақтастықты мақсатты түрде кеңейтуі мен тереңдетуін толық растады.