AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШМЫХО» АҚ жаңа инвесторларды тартып жатыр

«Қорғас» ШМЫХО» АҚ жаңа инвесторларды тартып жатыр

18 ақпанда 2013 жылы «Қорғас» ШМЫХО» АҚ-ның «Қазпочта» АҚ, «KAZNEX INVEST» ҰК» АҚ, ҚР ИЖТМ-нің Инвестиция комитеті өкілдерімен жұмыстық кеңесі өткізілді.

Еске салсақ,15 мамырда 2012 жылы «Қазпочта» АҚ және «Қорғас» ШМЫХО» АҚ арасында аванстық кітапшасын толықтыру бойынша қызмет көрсету және экспресс-пошта бойынша қызмет көрсету келісім-шарттары жасалды.

Кеңес үстінде «Қазпочта» АҚ өкілдері «Қорғас» ШМЫХО-ның казақстандық жағында пошталық жүк терминалының құрылысына инвестицияларды салу аужайын куәландырды.

Сонымен қатар, «Қорғас» ШМЫХО» АҚ-ның және «Қорғас — Шығыс қақпасы» АЭА Басқарма компаниясының ағымдағы қызметі мен алдағы дамуы бойынша мәселелердің кең аясы толқылауы болған «KAZNEX INVEST» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары және ҚР ИЖТМ Инвестиция комитетінің Арнайы экономикалық аумақтар  басқармасының сарапшысымен жұмыстық кездесуі өткізілді.