AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» шекара маңының орталығы саяхатшылардың легіне қызмет көрсетуге дайын

«Қорғас» шекара маңының орталығы саяхатшылардың легіне қызмет көрсетуге дайын

Еркін сауда жасауға қолайлы жағдай. 2012 жылы «Қорғас» бақылау бекеті арқылы жүзеге асырылған сыртқы сауда айналымы 11 млрд. доллардан асты. Синьцзян-ұйғыр автономиялық ауданының кеден қызметі таратқан ақпарат бойынша, бұл көрсеткіш 2011 жылға қарағанда 55% артқан. Қазақстандық сарапшылардың пікірінше, аталған көрсеткіш биылда еселенетін болады. оған кеден бекетінде саудаға жасалып отырған қолайлы жағдай ықпал етеді. Мәселен, «Қорғас» шекаралық әріптестік орталығына сапар шеккен әрбір қазақстандық үшін 30 күнге дейін визасыз жүйе енгізіліп отыр. Ал тауар құны 1500 еуро мен салмағы 50 келіден аспайтын жүк кедендік салықтан толық босатылады.

Александр САБЕЛЬФЕЛЬД, «АЗИЯ ДИСКАВЕРИ» ЖШС ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ:
- Біздің мақсат – осы аймақта болғысы келген азаматтардың талап тіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Қытайлықтар сатып алатын тауарды, біздің бизнесмендер сататын болады. Осы аймақтағы барлық сауда нүктелері жалға беріледі. Және болашақта олардың саны артуы тиіс.

Роман БОТАБЕКОВ, «ТҰРАН ЭКСПРЕСС» ЖОЛАУШЫЛАРДЫ ТАСУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:
- Осы аймаққа келген соңғы саяхатшылардың ішінде беларустар, поляктар, тіпті Еуропа мен қытайдан келгендер көп болды. Егер жоба дәл осындай қарқынмен жүзеге асатын болса, әрине, бұл өте тиімді болады. Қытайдың шығыс жағалауы арқылы Қазақстанға тасымал  жеңілдетіліп, жол айтарлықтай қысқарады. Сол себепті де азаматтар ұшақпен де жете алады. Сауда саттық жасап, белгілі бір келісімшарттар жасай отырып олар ақшасының 15-20% үнемдей алады.

Сондай-ақ қазіргі уақытта шекаралық әріптестік орталығы жеке кәсіпкерлердің қызығушылығын оятуға белсенді қадамдар жасап отыр. 2018 жылға қарай кәсіпкерлердің қаржысымен 100-ден аса жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр.

Кұрбанжан АХМЕТОВ, «ҚОРҒАС» ШО» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ӘРІПТЕСТІККЕ ИНВЕСТИЦИЯ ҚҰЮ БОЙЫНША БАСҚАРМА БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
- Жеке кәсіпкерлер тарапынан біз 309 млрд. теңге көлемінде  инвестиция тартуымыз керек. Қазір біздің 11 инвесторымыз бар олар 78 млрд. теңге салып отыр. Және 42 нысанды жүзеге асырып үлгерді. Біз жалпы алғанда 107 нысанды жеке капитал есебінен салуымыз керек.

Сарапшылардың сөзіне қарағанда, Қорғаста өз ісіңді ашу үшін жеке кәсіпкерлер қаржылық тұрақты болуы крек. Оның үстіне соңғы екі жылда нарық реттеушілер тарапынан ешқандай ескерту не заң бұзушылықтар тіркелмеуі тиіс. Және кәсіпкерлің бір жылдық сауда айналымы 500 млн. теңгеден кем болмауы керек. Қазіргі уақытта қорғас шекаралық бекеті маңындағы халықаралық орталықтың өткізу мүмкіндігі күніне 10 мың  400 адам мен тәулігіне 500 автокөлік. 2012 жылы Қорғас өткізу бекеті арқылы 17 млн. тоннадана аса жүк тасымалданыпты. Оның ішінде импорт көлемі $8,6 млрд., ал экспорт көрсеткіші $2,4 млрд. долларға жуықтаған.  

Copyright © 2013 Khabar Agency