AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас арқылы Жібек Жолмен» атты 2-ші қазақстан-қытай сауда ЖӘРМЕҢКЕСІ

«Қорғас арқылы Жібек Жолмен» атты 2-ші қазақстан-қытай сауда ЖӘРМЕҢКЕСІ

«ҚОРҒАС» ШЫХО АУМАҒЫНДАҒЫ

 «Қорғас арқылы Жібек Жолмен»

 атты 2-ші  қазақстан-қытай сауда

 ЖӘРМЕҢКЕСІ

20-25 тамыз 2014 жылы

 

         Қазақстан жағынан ұйымдастырылып отырған Жәрмеңке, ҚР ИЖТМ, «ҚТЖ» ҰК» АҚ, ҚР ҰҚП, Алматы қаласының СӨП, Алматы облысы жане Панфилов ауданының әкімділігі тарапынан қолдау тапты. 

Жәрмеңкеде төрт сауда орталығы қызметін атқарады: «Су Синь», «Цзян Юань», «Чжун Кэ» және «Дунфан Цзиньсю». Қазақстан және Қытай компаниялары өз тауарларын алуан түрде ұсынады: электроника, техника, киім-кешек, автокөлік саймандары, галантериялық тауарлары, ойыншықтар, спорт тауарлары, перделер, аспашамдар, тондар және т.б. Жәрмеңке қонақтары алдында Қазақстан және Қытай әртістері өз өнерлерін паш етіп, қоғамдық тамақтандыру орындары ұйымдастырылады.

Ақпарат: 8-72831-3-62-82, 8-72831-3-62-43

 

«Қорғас» ШЫХО жету жолдары:

1) «Сайран», «Саяхат» автобекеттен қатынайтын автобус немесе такси бағыттары арқылы; 



2) Алматы-1 – Алтынкөл теміржол бағыты арқылы  + трансфер Алтынкөл – «Қорғас» ШЫХО («Туран-Экспресс» ЖШС жолаушы компаниясы).

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ:                                                                                                             

·      Шекара жұмыс уақыты сағат 9-00-ден 18-00 дейін (Астана уақытымен);

·       «Қорғас» ШЫХО келушілерге 30 күндік визасыз тәртіп жасалған;

·      Орталық аумағына кіру ШЕТЕЛДІК ТӨЛҚҰЖАТ арқылы ұйымдастырылады;

·      1 жастан асқан балалардың шетелдік төлқұжаты немесе ата-анасының төлқұжатына бекітілген суреті болу қажет., ал 1 жасқа толмаған балалар анасының төлқұжатына облыстық миграциялық қызмет көрсету орталығы арқылы жазылуы тиіс;

 

·      Қазақстан аумағына кіргізілген 1 адамға жүктің құны 1500 еуро, салмағы 50 келіден және үлкендігі 100х100 см аспаса тауарға кедендік баж салығы салынбайды.