AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО-на 2 миллион турист өтті

«Қорғас» ШЫХО-на 2 миллион турист өтті

«Қорғас» ШЫХО-на 2 миллион турист өтті

2017 жылдың 16 наурызында сағат 09:30-да «Қорғас» шекара маңы ынтымақстатығы халықаралық орталығының шекаралық бақылау бекетінен 2 миллионыншы турист өтті. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Ленгер қаласының тұрғыны «Полиграф 206» ЖШС жетекшісі Жүсіпова Салтанат Кенжалықызы болып шықты.

Арнайы естелік сыйлықпен ресми марапаттау рәсімі 2017 жылы 23 наурызда «Қорғас» ШЫХО аумағында Наурыз мейрамын тойлау аясында өтеді.

Қазақстан азаматтарының өтуі 2016 жылдың 1 қарашасынан бастап жеке куәлік арқылы жүзеге асырылатыны Қазақстандық жағынан туристік ағынның өсуіне себебші болды. Орта есеппен «Қорғас» ШЫХО күніне 2500-3000 адам келеді. Болжам бойынша 2017 жылы Қазақстан тарапынан жалпы келушілер саны 850 мыңнан асады. 2016 жылмен салыстырғанда бұл сан 671 мыңға жетсе, 2015 жылы – 509 мың.

 «Қорғас» ШЫХО» АҚ Баспасөз қызметі