AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

«Қорғас» ШЫХО кедендік төлемақыдан босатылған тауарларды алып өту үдерісін жеңілдетті

«Қорғас» ШЫХО кедендік төлемақыдан босатылған тауарларды алып өту үдерісін жеңілдетті

«Қорғас» ШЫХО кедендік төлемақыдан босатылған тауарларды алып өту үдерісін жеңілдетті

Биылғы жылғы 14 ақпаннан бастап «Қорғас»  шекара маңы халықаралық орталығы (ШЫХО) арқылы өткізілетін жеке меншік иесінің қолданатын бірқатар тауарларына кедендік төлемақы мәселесінен жеңілдікті қолдану үдерісі жүргізіледі.   

Жеңілдікті қолдану үдерісі ҚР Қаржы министрлігінің Кеден Одағы аясындағы кедендік шекаралар арқылы өткізілетін жеке тұлғалардың меншік иесінің қолданатын бірқатар тауарларына кедендік төлемақы мәселесінен жеңілдікті қолдану үдерісі туралы бұйрығы негізінде күшіне енгізілді.

«Қорғас» ЩЫХО» АҚ халықаралық серіктестік және инвестиция басқармасының бастығы Күрбанджан Ахметовтің айтуынша, «бұрын жек тұлғалардың қолданатын заттары, киімдері, төсек-орындары құралдары және басқа да заттарын екеуден артық мөлшерде алып жүретін болса, қазір ол едәуір азайтылды».

Бұл арқылы «Қорғас» ШЫХО арқылы өтушілер мен тауар алып өтушілер айына бір ақ рет ойын жүзеге асырады. 

«Кез-келген қонақ «Қорғас» ШЫХО аумағына қанша рет келгісі келсе болады. Бір орталық аумағына кірген бір ақ мүмкіндігіне жеңілдік қолданылады. Қажет болса, Орталық аумағында бір ай жатуына да мүмкіндігі бар»,-деп түсіндіреді Күрбанджан Ахметов.

Айына бір реттен артық нормадан тыс тауар алып өтілген жағдайда оған кедендік құнына байланысты 30 пайыздық мөлшерде бір реттік төлем алынады. 50 килограмға және бағасы 1500 еуродан асатын нормадан артық  заттарға әр килограмы үшін 4 еуродан төмен емес көлемде  төлем ақы белгіленеді.

«Қорғас» ШЫХО баспасөз қызметі