AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Жоба туралы

«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Басқарма компаниясы 2011 жылғы 21 желтоқсанда құрылған.
2011 жылғы 21 шілдеден № 469-VI «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» ҚР Заңының 18 бабына сәйкес, арнайы экономикалық аймақты басқару органының қызметтері анықталды, олар қамтиды:

  • арнайы экономикалық аймақ қызметінің сұрақтары бойынша мемлекеттік органдармен өзараәрекеттесуді;
  • қызметтің қосалқы түрлерін жүзеге асыратын тұлғаларға жер учаскелерін екінші жер пайдалануына (қосалқы жалгерлікке) және инфрақұрылым объекттерін жалға беру (қосалқы жалгерлікке) ұсынуды;
  • қызметті жүзеге асыру туралы келісімдерді жасау мен бұзуды;
  • өкілетті органға арнайы экономикалық аймақтар қатысушыларының жыл сайынғы есептері негізінде өкілетті органмен бекітілген тәртіпте арнайы экономикалық аймақ қызметінің нәтижелері туралы есеп беруді;
  • арнайы экономикалық аймақ қатысушыларын тартуды;
  • инфрақұрылым объекттерінің құрылысы үшін инвестицияларды тарту мен арнайы экономикалық аймақтар қызметінің басқа түрлерін жүзеге асыруды;
  • арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына берілмеген жер учаскелерінде бекітілген техникалық-экономикалық негіздеуге сәйкес, инфрақұрылым объекттерінің құрылысын жүзеге асыруды;
  • «бір терезе» принципі бойынша тұрғындарға қызмет көрсету орталығының қызметі үшін қабылдау жерлерін ұйымдастыруды;
  • арнайы экономикалық аймақтарды құру мақсаттарына жауап беретін қызметті жүзеге асыруда кіргізілген тауарлардың нақты пайдалануын растауды;
  • қызметті жүзеге асыру туралы келісім жағдайларын орындау мониторингін.

«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Басқарма компаниясы «ҚТЖ» ҰК» АҚ еншілес компаниясы — «Көліктік логистиканы дамыту Ұлттық орталығы» АҚ қатысуымен құрылған.

Басқарма компаниясы бойынша АЭА туралы Заңның негізгі жағдайлары

  • АЭА мемлекеттік басқаруынан жеке басқаруға көшу
  • АЭА акционерлік қоғамның ұйымдастыру-құқықтық формасындағы Басқарма компаниясының мекемесі арқылы басқару
  • ҚР Үкіметі мен жергілікті атқару органдарынан ЖАО басқа, Басқарма компаниясының құрылтайшылары қатарында дербес шетелдік және мемлекеттік емес заң тұлғары да бар
  • Құрудың бастамашысы ретінде инвестор шықса, инвестормен бірге АЭА басқарма органын құру (бұл жағдайда, Мемлекетке 26% кем емес дауыс беру акциялары ұсынылады)
  • Басқарма компаниясының басқару органдарының құрамына инвесторлар, ҚР Үкіметі және жергілікті атқару органдар өкілдері кіре алады.
Алдын-ала қарауТіркемеКөлем
koncepciya_sez_ptez__horgos_-_vostochnye_vorota__kaz.doc563.5 Кб
teo_sez_ptez.doc14.31 MB