AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Хоргос АЭА туралы

Елбасы тапсырмаларына сәйкес, көліктік-логистика жүйесін кешендік қалыптастыру бойынша міндеттемелерді жүзеге асыру Қазақстан Республикасындағы логистика операторы ретінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясына жүктелді.

Бүгінгі күні Үкімет тапсырмаларына сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ көліктік-логистика жүйесін кешендік қалыптастыруды жүзеге асыру бойынша қойылған міндет үшін мағынасы зор «Хоргос — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын құру және кешенді дамыту» сияқты ірі жобалардың бірін жүзеге асыруға кірісті.

«Хоргос — Шығыс қақпасы» арнайы экономикалық аймағын (бұдан әрі «Хоргос Шығыс қақпасы» АЭА) құру Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2010ж. 21 желтоқсанынан № 6225 тапсырмасын орындау, сонымен қатар 2020 жылға дейінгі Қазақстан Республикасы дамуының Стратегиялық жоспарының басты бағыттарына сәйкес қарастырылған.

«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА негізгі мақсаттары

  1. Қазақстан Республикасының сауда-экспорттық қызмет қызығушылықтары мен транзиттік әлеуетін қамтамасыз ететін, сонымен қатар іргелес мемлекеттермен экономикалық және мәдени алмасуын дамытуға болысатын тиімді көліктік-логистика және индустриялық орталық құру;
  2. өндіріс пен өткізудің жалпыәлемдік жүйесіне қазақстандық өнім ықпалдастығын қамтамасыз ету, халықаралық стандарттарға сәйкес, инновациялық және бәсекеге қабілетті отандық өнімді құру;
  3. инвестициялық жобаларды жүзеге асыру үшін жайлы инвестициялық климатты құру мен отандық және шетел инвестицияларын тарту;
  4. әлемдік шаруашылық байланыстар жүйесіне республика экономикасының кіруін жандандыру үшін аймақтың жылдамдатылған дамуы;
  5. нарықтық қарым-қатынастардың құқықтық нормаларын жетілдіру, басқарудың қазіргі заман әдістері мен шаруашылықты жүргізуді енгізу.
  6. жұмыс басты тұрғындар санын арттыру.

АЭА қызметінің приоритеттік түрлері ретінде анықталды

  1. қоймалық шаруашылық пен қосалқы көлік қызметі;
  2. азық-түлік өндірісі;
  3. былғары және былғарыдан жасалған заттар өндірісі;
  4. тоқыма өндірісі;
  5. басқа бейметалл минералды өнімдер өндірісі;
  6. химиялық өнеркәсіп өнімдерін шығару;
  7. машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдар өндірісі;
  8. көрмелерді ұйымдастыру, мұражай, қоймалық және әкімшілік ғимараттары үшін ғимараттардың жобалық-сметалық құжатнамасына сәйкес құрылыс;

АЭА орналасқан жері

«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Алматы облысының Панфилов ауданында құрылуда, аумақтың жалпы көлемі 5 740 га құрайды.

АЭА негізгі құрамдас бөліктері

  • «Хоргос» ШҚХО — сауда-көрмелік кешендер жүйесі мен келіссөздерге арналған алаң;
  • Көліктік-логистика кешені ретінде құрғақ порт;
  • Өнеркәсіптік ксәпіорындар кешені ретінде индустриялық аймақ;
  • Елді мекен ретінде тұрғын аймағы;
  • Қосалқы инфрақұрылым мен перспективалық даму аумағы;

АЭА қатысушылары үшін қосымша басымдылықтар

  • Батыс Еуропа — Батыс Қытай халықаралық класстағы автомагистраль;
  • Т.ж инфрақұрылымы (Алтынкөл станциясы, Жетіген-Қорғас т.ж. торабы);
  • «Ақтау» теңіз портына тікелей шығу мүмкіндігі.

АЭА сұрақтары бойынша өкілетті мемлекеттік органы

Қазақстан Республикасының индустрия және жаңа технологиялар Министрлігі арнайы экономикалық аймақтарды құру, қызмет жүргізу және ыдырату саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асырушы орталық атқару органы болып табылады.

АЭА құру, қызмет жүргізу және тарату саласындағы реттеу, мәлімдеушілерге қойылатын талаптар мен АЭА қатысушылары ретінде қызметті жүзеге асыру үшін мәлімдеуші тапсыратын құжаттар тізімін анықтау, оны арнайы экономикалық аймақтың бірыңғай атаусөзіне кіргізудің жалпы сұрақтары, сонымен қатар арнайы экономикалық аймақ қатысушысы ретінде қызметті жүзеге асыруға сұранымдарды қарастыру процедурасы 2011 жылғы 21 шілдеден № 469-VI «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңымен анықталған.

«Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, «Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА Тұжырымдамасы мен ТЭН жасалды, жоба ҚР Үкіметінде тіркелді.

«Хоргос — Шығыс қақпасы» АЭА құру туралы Президент жарлығына № 187 2011 жылғы 29 қараша күні қол қойылды.