AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Аумақтық орналасуы

17

«Қорғас» ШЫХО екі бөліктен тұрады: Алматы облысының Панфилов ауданында орналасқан қазақстандық және Шыңжан-Ұйғыр автономиялы районының Іле-Қазақ автономиялы аймағында орналасқан қытайлық бөлігі.

«Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінен Алматы облысының орталығы Талдықорған қаласына дейінгі арақашықтық 321 шақырым, ал Қазақстанның ең жақын ірі қаласы Алматыдан арақашықтығы 361 шақырымды құрайды.

«Қорғас» ШЫХО-ң қазақстандық бөлігі шекара маңында орналасқан қытайлық қала Қорғастан 1 шақырым, Іле-Қазақ автономиялы аймағының ең ірі жақын - Инин қаласынан 90 шақырым, ШҰАР-ң әкімшілік орталығы Үрімжі қаласынан 670 шақырым қашықтықта орналасқан.

«Қорғас» ШЫХО-ң жалпы ауданы 560 гектарды құрайды, оның ішінде 217 гектар қазақстандық бөлігі, ал 343 гектар – қытайлық бөлігі. Орталықтың бөліктері арасындағы байланыс арнайы жаяу-жол-көлік өткелі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы және басқа елдердің азаматтары Қазақстан мен Қытайдың «Қорғас» ШЫХО территориясында мемлекет-тараптардың құзыретті органдарымен келісілген және танылған жарамды құжаттар негізінде визасыз 30 тәулікке дейін бола алады.