AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Жобаның компоненттері

Аумағы 185 гектар «Қорғас» ШЫХО-да төмендегі объектілер орналасады.

- Қазақстан Републикасы, ҚХР, Ресей және басқа да шекаралас мемлекеттердің ірі халықаралық қаржы және өндірістік ұйымдарының ірі халықаралық кездесулерін, конференцияларын, симпозиумдарын өткізуге арналған халықаралық іскери ынтымақтастық орталығы.

18 - Орталықтың 6,5 га аумағына жоспарланған, 40 мың текше метрден астам тақырыптық көрме залдары, көркем салондары мен халықтық қолөнер шеберханасы, ақпараттық орталығы және басқа да ойын-сауық және сауықтыру объектілері бар көп қызметті мәдени-көрме залы.

19 - Орталықтың солтүстік-батыс бөлігіндегі қонақ үй аумағы. Оның негізгі бөлігіне 5 жұлдызды 7 биік қонақ үй ғимараттар кешенін салу ұсынылуда. Толық қызметтер кешені бар 14-25-қабат ғимарат болмақ. Қонақ үй кешенінің бір уақыттағы сыйымдылығы 5 мың адамды құрайды.

- Халықаралық іскери ынтымақтастық орталығының солтүстік-батыс бөлігінде спорттық-сауықтыру аймағының құрылысы жоспарлануда. Ол аймаққа футбол стадионы, көлік қаңтармасы, көрермендерге арналған трибуна, шағын саябақ, жүзу бассейні, үлкен спорт кешені және спортшылар мен демалушыларды орналастыруға арналған қонақүй салынады деп қарастырылуда.

20 21 - Туристер мен орталықтың басқа да келушілерін Қазақстан және шекаралас басқа да мемлекеттерді мекендейтін халықтардың көп қырлы және тұрмыстық мәдениетімен, тұрмысымен және экономикалық дауымен таныстыруға арналған этнографиялық саябақ аймағын құру жоспарда. Этнографиялық саябақта 7 жеке ұлттық блоктардың құрылысы қарастырылуда:

- №1 блок (Қазақстан Республикасы), жалпы аумағы 20 800 текше м;

- №2 блок (Қырғызстан Республикасы), жалпы аумағы 11 800 текше м;

- №3 блок (Өзбекстан Республикасы), жалпы аумағы 15 630 текше м;

- №4 блок (Түркіменстан Республикасы), жалпы аумағы 15 774 текше м;

- №5 блок (Тәжікстан Республикасы), жалпы аумағы 14,144 мың текше м;

- №6 блок (ҚХР), жалпы аумағы 29 324 текше м;

- №7 блок (Ресей Федерациясы), жалпы аумағы 29 726 текше м.

22 Әрбір блокта қандай да бір ұлттың және мемлекеттің ерекшеліктерін көрсететін көрме павильондары, ұлттық тағамдар дайындайтын кафе мен мейрамханалар, мәдени-ақпараттық ғимараттар, қонақүйлер болады.

- Халықаралық туристік орталықты туристерді қабылдау үшін орталықтың солтүстік жақтағы кіре берісіне орналастыру жоспарлануда. Туристік орталық аймағында қонақүйлерден басқа халықаралық туристік фирма кеңселері, әкімшіліктер және басқа да ойын-сауық бөлімдері орналасады.

- Сауда-көрме аймағының оңтүстік жағында аймақтық ынтымақтастық және шағын бизнес орталығы болады, онда өндіріс пен саудаға арналған әртүрлі коммерциялық кәсіпорындардың бас кеңселері мен өкілдіктері орналастырылады деп жоспарлануда. Бизнес-орталықта келіссөздер жүргізетін және шарт жасасатын бөлмелер, бөлмені өзгертуге конференц-залдар, көп қызметті ақпарат орталығы, банктердің бөлімшелері, айырбастау пункттері, мейрамханалар мен басқа да тамақтанатын пункттер болады.

25 - Сауда-көрме аймағы орталықтың әкімшілік-іскери аймағының оңтүстік бөлігінде орналасқан және көрме, тауар және қызмет саудасын ұйымдастыруға арналған. Қызмет құрылысында сауда-көрме аймағы ең белсенді аймақ және орталықтың маңызды бөлігі болып табылады, онда ақпаратты қабылдау және тауарды таңдаудан бастап жеткізуге шарт жасасуға дейінгі сауда үдерістерінің барлық кезеңдері орындалды.


- Көлік-тасымал терминалдар аймағы орталықтың оңтүстік бөлігінде орналасады. Ол ерекше сақтау температурасы бар 2 терминал, уақытша сақтайтын 6 терминал, жүктерді өңдейтін және жабдықтайтын 4 терминал секілді ірі 5 блоктардан, ақпараттық-логистикалық орталықтан және арнайы зертханадан тұрады. Сондай-ақ орталықтың құрамына «Солтүстік», «Оңтүстік»

Орталықтар мен су іріккіш құрылысы кіреді.

26