AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Жоба туралы

Жобаны тәжірибе жүзінде жүзеге асырудың негізі Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы Үкіметтерінің арасында жасасқан келісім болды.

- 2004 жылдың 24 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың СУАР-ға барған сапарында екі ел үкіметінің өкілдері Қазақстан мен Қытай арасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру туралы Негіздемелік келісімге қол қойды.

- 2005 жылдың шілде айында ҚХР Төрағасы Ху Цзинтаоның Қазақстанға келген ресми сапарының аясында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін реттеу туралы келісімге қол қойылды.

2005 жылдың 25 тамызында Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жоба операторы қазақстандық тараптан «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» болып бекітілді.

12