AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Информация о регионе реализации проекта

Қазақстан Республикасы

Қазақ елінің өткен өмірі мәдени және тарихи құндылықтарға бай мемлекеттің бірі. Қазақстан Еуразияның дәл орталығы. Ертедегі өркениеттің қиылысқан, тоғыз жолдың торабы керуен жолдарының бойына орналасып, Шығыс пен Батысты, Оңтүстік пен Солтүстікті, Азия мен Еуропаның ірі мемлекеттерімен, әлеуметтік-экономикалық, мәдени және идеологиялық жағынан байланыстыратын орталықта орналасқан.

Қазақстан Республикасы табиғи қазба байлықтармен, ауқымды ауылшаруашылық алқаптарымен, айтарлықтай өндіріс орындарымен кәсіби мамандары бар қуатты ел.

Бүгінгі Қазақстан – нарық жағдайына толық істей алатын дәрежеде.

Экономикасының дамуының негізі елдің шикізат қорын тиімді пайдалану. 1985 жылмен салыстырғанда көмірсутекті өндіру 225% пайызға өскен, ал дүниежүзі бойынша өндіру небәрі 1,3 есе өскен.

Дүниежүзілік сарапшылардың анықтамасы бойынша Қазақстанның қаржылық жүйесі алдыңғы дәрежеде. Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып әлеуметтік – экономикалық  тұрақты дамуын қамтамасыз ету және сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелсіз болмау үшін Ұлттық қор құрды.

Бүгінгі күні Ұлттық қорда 5 млрд 300 млн доллар жинақталған. Ұлттық қорда алтын валютамен есептегенде 14 млрд астам АҚШ доллары бар. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдары сыртқы сауда ТМД тәуелді болса, бұл күндері оның жағдайы заман талабына сай өзгерді.

Қазақстан бес ірі экономикалық аймақтан тұрады:

Солтүстік Қазақстан – дәнді дақылды дамыту, тас көмір, темір өндіру, машина жасау, мұнай өнімдерін өндіру, ферросплав, электр қуаты.

Шығыс Қазақстан – түсті металлургия, электр қуаты, машина жасау, орман шаруашылығы.

Батыс Қазақстан – ірі мұнайгаз өңірі.

Орталық Қазақстан – қара және түсті металлургия, машина жасау, мал шаруашылығы.

Оңтүстік Қазақстан – мақта, күріш, жүн, астық, жеміс-жидек, бау-бақша өнімдері, жүзім, түсті металлургия, аспаб құралдар жасау, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, балық және орман шаруашылығы.   

74

Алматы облысы

Алматы облысы, Алматы қаласымен географиялық жағынан орналасуына байланысты өз аумағындағы табиғи байлықтарды өндірумен қатар, сауда-өндірістік қатынастарды дамытумен белгілі аймақ. Облыстың негізгі бағыттағы инвестициялық саясаты – бәсекеге қабілетті ұлттық тауарлар қызметін кеңінен дамытып дүниежүзілік рынокқа шығару.

Облыстың өндіріс, өнеркәсіптік және көліктер жүйесінің молдығы капиталды тиімді пайдаланып таза пайда табуға зор мүмкіндіктер туғызады.

Алматы облысы Қазақ елінің жер жанаты Жетісу өлкесіне орналасқан. Облыс 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 2001 жылдың 14 сәуірінен облыс орталығы Талдықорған қаласы.

Облыс Қазақстанның оңтүстік шығысында орналасқан, шығысында Қытаймен, оңтүстігінде Қырғыз Республикасымен, солтүстігінде Шығыс Қазақстан облысымен, солтүстік батысында Балқаш көлі, батысында Жамбыл облысымен шектеседі.

Облыстың жер көлемі 224 мың шаршы шақырым. Құрамына 16 аудан, облыстық бағыныштағы 3 қала (Талдықорған, Қапшағай, Текелі). Халық саны 1 613,1 мың адам.

75

Панфилов ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы мәлімет

Қазақстанның Алматы облысының шығысындағы әкімшілік бірлестік. Әкімшілік орталығы – Жаркент қаласы.

Ауданның жер көлемі 10,6 мың шаршы шақырым. Шығысында Қорғас өзені арқылы шекара Қытай Халық Республикасымен, оңтүстігі Іле өзені арқылы Ұйғыр ауданымен, батысында Кербұлақ ауданымен шектеседі.

Табиғаты бай жан-жақты және алуан түрлі. Солтүстігіндегі Жоңғар Алатау бөктерінде көрікті жайлаулар орналасқан. Олар: Ой Жайлау, Алмалы су, Сары тау, Кереге тас, Үй тас, Бел-Жайлау т.б.

Ауданда емдік қасиеті бар Арасан суларында «Керім ағаш», «Көктал Арасан», «Жаркент Арасан» шипажайлары орналасқан. Солтүстігіндегі Тышқан сайында тас көмір қоры, ал оңтүстігінде Құндызды, Сұлу бақан өңірінде мұнай қорының көздері табылған.

Аудан аумағымен Ұлы Жібек жолының Қазақстандық тармағы өтеді.

Шағын бизнестің дамуына барлық мүмкіндіктер бар екені байқалады.