AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының делегациясы «Қорғас» ШЫХО іскерлік сапарын өткізді

Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының делегациясы «Қорғас» ШЫХО іскерлік сапарын өткізді

2015 жылдың 23 ақпанында Моңғол-қазақ парламенттік тобы төрағасы Тлейхан Алмаликтің басшылығында Моңғолия Ұлы Мемлекеттік Хуралының делегациясы «Қорғас» ШЫХО іскерлік сапарын өткізді.

Моңғолиялық делегациясының іскерлік сапарының негізгі мақсаты әлемде аналогы жоқ бірегей жобаны жүзеге асыруындағы Қазақстанның тәжірибесімен танысу. Кездесу аясында моңғол тарапы жобаны жүзеге асыруындағы жағдайымен, сонымен қатар жоба тарихымен, «Қорғас» ШЫХО қызметін реттейтін нормативті-құқықтық актілермен, салықтық және инвестициялық пұрсаттылықтармен.

Қазірге таңда Моңғолия Үкіметі Моңғолия-Қытай шекарасында Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын құру жайындағы мәселені шешуде.

Моңғолия делегациясы қазақстандық тарапына жылы қарсалғанына, жоба бойынша толық мағлұмат бергеніне алғысын білдірді, және «Қорғас» ШЫХО құру» жобасын жүзеге асыруына қызығушылық танытып болуы мүмкін ынтымақтастықтың салаларын табуын ұсынды.

Моңғолия делегациясының құрамында Қазақстандағы Моңғолияның Төтенше өкілеттік елшісі Сухээ Жагир мырза және Бишкек қаласындағы Моңғолияның Бас Консулдығының Консулы Зориг Гомбосурэн болды.

Алдын-ала қарауТіркемеКөлем
img_2258.jpg
img_2258.jpg1.73 MB
img_2270.jpg
img_2270.jpg2.25 MB