AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Компания туралы

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығының құрылуы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы болып табылады. Ал бұл жобаны жүзеге асыру ҚР Президентінің 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауын, Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған индустиалды-иновациялық даму Стратегиясын, Қазақстанның әлемдегі бәсекелестікке қабілетті 50 елдің қатарына ену Стратегиясын, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі көліктік Стратегиясын және

Қазақстанның 2015 жылға дейінгі аймақтық даму Стратегиясын жүзеге асырудың бір баспалдағы болады.

10

Қорғастан өту пункті халықаралық мәндегі көліктік-логистикалық ірі тораптың бірі бола отырып, «Шығыс-Батыс» бағыты бойынша жұмыс істейтін және халықаралық мәндегі ірі көліктік –логистикалық әрі өнеркәсіптік орталық ретінде әрекет ете алады.

 

Қазақстанның халықаралық сауда және халықаралық көліктік – логистикалық бизнес жүйесіне енуі үшін маңызды потенциалы бар. Орталық Азиядағы өте маңызды жобалардың бірі болып табылатын Қытайдың интенсивті түрде дамып келе жатқан Қорғас қала-порты шекара маңындағы еркін сауда аймағы (ЕСА) «Шығыс -Батыс» бағыты бойынша транзиттік даму үшін мүмкіндіктерін жүзеге асыра отырып, Қазақстан Республикасының және оның ішінде Алматы облысының транзиттік потенциалын дамытуға қолайлы жағдай жасайды.

Орталықты құру Алматы облысында экономиканың интенсивті дамуына, инженерлік, көліктік және туристік инфроқұрылымдарды жетілдіруге, жүк айналымын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға, тұрғындардың әл-ауқатын көтеруге мүмкіндік туғызады. Орталықтың аумағында тауарларды, қаржыларды, техналогияларды, ақпаратты жеңілдікпен орналастыру инвестиция тарту үшін ыңғайлы ахуал қалыптастырады.

2012 жылдан бастап орталықтың сыртқы инженерлік инфроқұрылымдардың ішкі және негізгі бөлігін аяқтау жоспарлануда. Сонымен қатар жекелеген инвестициялардың есебінен қаржыландырылатын нысандардың құрылыстарын кезең-кезеңмен жүзеге асыру көзделіп отыр.