AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Құрылу тарихы

 

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының құрылу тарихы  Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытайға 2002 жылы 22-25 желтоқсанда болған мемлекеттік сапары аясында жасалды.

Тура екі жылдан кейін Құлжа қаласында (ҚХР) «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастығы орталығын құру туралы Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасында шектелмелі келісімге қол қойылды.

«Қорғас» ШЫХО нормативтік-құқықтық базасын дайындауды құру мақсатында Премьер-Министрдің 2005 жылғы 25 ақпандағы қаулысымен Қазақстанның шекара маңы аймақтарындағы индустриалды зоналарды құру үшін заңнамалық және нормативті-техникалық базаны дамыту бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін жұмыс тобы құрылады.

Жұмыс тобының нәтижесі ҚХР төрағасы Ху Цзиньтаоның «Қорғас» ШЫХО қызметін қамтамасыз ету мақсатында «Қорғас» ШЫХО қызметін реттеу туралы Келісімнге 2005 жылдың 4-ші шілдесіндегі сапарында қол қоюы мен «Қорғас» ШЫХО қызметін  құру концепциясын бекіту болды.

Үкіметаралық келісімді орындауға байланысты бір айдан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жарғылық капиталы толығымен мемлекеттің қатысуымен «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» акционерлік қоғамы құрылады.

Қоғам қызметінің негізгі пәні «Қорғас» ШЫХО қазақстандық бөлігінің инфрақұрылымын құру, дамыту және қамтамасыз ету, қазақстандық бөлігіндегі территориясында инвестициялық нысандарды салуға әлеуетті инвесторларды тарту болып табылады.

2011 жылғы 1 шілдедегі ММжЖК-ң №2 / 16/240-АҚ келісім-шарты негізінде Қоғамның мемлекеттік акциялар пакеті жалғыз акционерлік өкілеттілікті жүзеге асыру құқығымен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының сенімді басқаруына берілді.

Осылайша, бүгінгі күні акциялардың 100% үлесі «ҚТЖ» ҰК» АҚ сенімді басқаруында.

«Қорғас» ШЫХО жалпы аумағы 560 гектар болатын екі мемлекеттің шекаралас аумақтарында орналасқан және мемлекеттік шекара арқылы өтетін «Арнайы өткел» арқылы қосылған қазақ және қытай бөлімдерінен тұрады.

Жобаның бірегей ерекшелігі – Орталық территориясында адамдар, тауарлар (жүктер) мен көлік құралдары визасыз еркін түрде қозғала алады.

«Қорғас» ШЫХО 2012 жылдың 18 сәуірінен бастап алғашқы туристерді қабылдай бастады.

 

Қорғас» ШЫХО-на толыққанды пайдалануға берілу 2018 жылға жоспарланған – бұл трансшекаралық ынтымақтастықтың жаңа форматы болады, біз Орталықты өңірдің экономикалық драйверіне айналдыруды көздеп отырмыз, қазіргі таңда ол инвестициялардың тартылу орталығы болып келеді. «Қорғас» ШЫХО өз алдына көрікті жер болып табылады. Болашақ «қала» тұрғындары көптеген саябақтар мен алаңдар, сауықтыру кешендерінде, SPA-орталықтарында тыныға алады. «Қорғас» ШЫХО-ң даму келешегі ғылыми және инновациялық әлеуетті дамытумен байланысты.