AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Инвесторларға үндеу

Елбасы ҚХР-мен ынтымақтастығы басым бағыт ретінде «Қорғас» ШЫХО-ны құру жобасын жүзеге асыру және одан әрі дамытуға аса назар аударып отыр, бұл ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2006 және 2007 жылдардағы Жолдауында көрініс тапты. ҚР Үкіметі осы жобаны жүзеге асыруға бар күшін салуда. 2008 жылғы 9 сәуірдегі ҚР Премьер-министрі К. Мәсімовтің Пекинге барған ресми сапарының барысында Қазақстан мен Қытайдың мұнай-газ саласынан басқа, бірлесе жүзеге асырып жатқан табысты ірі жобалардың бірі «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығын одан әрі дамыту болып табылатындығы айтылды.

Жайлы саяси, жеңіл инвестициялық жағдайды, жобаның стратегиялық жағынан орналасуын есепке ала отырып, аймақтың кеден, көлік, туризм кешендері және басқа да инфрақұрылымы мен халықаралық логистикалық бизнес жүйесіндегі мемлекеттің тасымал әлеуетін дамытуда «Қорғас» ШЫХО экономиканың шикізаттық емес секторын дамытуға әсер ететін жаңа жоба болмақ.

Орталықтың құрылуы және оның жаңа еуроазиялық көпірдің негізгі тірегі ретінде дамуы халықаралық сауданы кеңейтуге, іскери кездесулерді жүргізу үшін екі мемлекеттің, сондай-ақ басқа мемлекеттердің азаматтарына визасыз кіруге, Қазақстан, ҚХР және ТМД елдерінде өндірілетін өнімдермен танысуға, сауда мәмілелерін жасасу және бос уақытты өткізуге мүмкіндік береді, бұл ТМД елдері мен таяу шетелдердегі іскери топ пен туристердің қызығушылығын тудырады.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» АҚ қызығушылық танытқан барлық отандық және шетел компанияларды ерекше жобаны жүзеге асыруға және «шекара маңы анклавада» өз үлесін пайдалануға шақырады.