AddThis

АО «Международный центр приграничного сотрудничества «Хоргос»

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.

Инвесторларға

Құрметті инвесторлар,

Сіздерге «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы» атты ерекше жобаның жүзеге асуына қызығушылық танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз.

Тарихи тұрғыдан алып қарағанда, Қазақстан Еуропа мен Азияны жалғастыратын тасымал жолдарының торабында орналасқан. Ұлы Жібек жолының көп бөлігі Қазақстан аумағынан өткен.

Қазіргі таңда Қытай және Ресей секілді державалармен шекаралас болып отырған Қазақстан аталған мемлекеттердің, сондай-ақ Батыс Еуропа, Орта Азия, Кавказ, Иран тәрізді мемлекеттердің арасындағы жүк тасымалына көлік жолын ұсынады және басқа мемлекеттермен халықаралық қатынас жасауда шекара маңы ынтымақтастығын дамытуда маңызды рөл атқарады.

«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының құрылысы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы елбасының бастамасымен бірлескен ірі жобалардың бірі болып табылады және Қытаймен сауданы жеңілдетуге бағытталған, ең бастысы Батыс Еуропа – Батыс Қытай трансконтинентальды жол жобасын жүзеге асыруға көмектесетін екі мемлекеттің де тасымал әлеуетін дамытуға арналған.

Бүгінде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының әлемде теңдесі жоқ және құқы жағынан жаңа жоба болып табылады. Осыған байланысты ресурсты, өндірістік және көліктік әлеуетке капитал жұмсауға, ал мемлекеттегі жайлы жағдайлар бизнесті табысты етуге кеңінен мүмкіндік береді. Біздің инвестициялық саясатымыздың басымдылығы бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтерді дамыту және құру, сондай-ақ оларды әлемдік нарықта дамыту болып табылады.