«Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығы» АҚ-сы
Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Қытай Халық Республикасы Үкіметінің арасындағы Келісімді жүзеге асыру аясында Алматы облысының Панфилов ауданындағы қазақстан-қытай шекарасында «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастық халықаралық орталығын құру мақсатында өмірге келген мемлекеттік компания болып табылады.
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
2015 жыл 29 шілде
«Қорғас «ШЫХО»АҚ,
Панфилов ауданы, Головацкий ауылы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелері» туралы заңына сәйкес 6 шілде Астана күні мемлекеттік мерекесі болып табылады.
Осыған сәйкес 2015 жылдың 06 шілдесі күні қытайлық және қазақстандық «ШЫХО «Қорғас» бөліктері келушілер үшін жабық екендігін хабарлаймыз.
2015 жылдың 07 шілдесінен бастап «Қорғас» ШЫХО» қалыпты жағдайда қызмет жасайды.
Бұл шектеулер «Қорғас»ШЫХО» аумағында құрылыс жұмыстарын жүргізетін мердігерлік және қосалқы мердігерлік ұйымдар мен инвесторларға құрылымдық құрылыстарды және инвестициялық обьектілерді жүзеге асыратын компанияларға таратылмайды.
Бұл күндері тартылған барлық қызметтер мен жүйелердің жұмысын қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауларыңызды сұраймыз.
«ҚОРҒАС» ШЫХО» АҚ ӘКІМШІЛІГІ